Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1195734
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Үш күннен бергі Израильдің шабуылдарында Газада 28 адам қаза тапты.

El-Emarat El-Yaum (БАӘ): Дубай әуежайы 2019 жылдың алғашқы ширегінде 22,2 миллион жолаушыны күтіп алды.

 Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катар Израильдің Газаға шабуылдарын айыптады және БҰҰ мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен палестиналықтарға қорғау талап етті.

Ria Novosti агенттігі: Шереметьево әуежайында шұғыл қонған ұшақ өртеніп, 41 адам қаза тапты.

 “Rossiyskaya Gazeta”: Лавров: Ресей АҚШ-тың Мадуроны күшпен төңкеру жоспарынан бас тартуын сұрайды.

İzvestiya газеті:  Ресей халқының жартысына жақыны (%48) интернетсіз өмірді көз алдына елестете алмайды.

Le Parisien: Францияда жағармай бағасы жоғары болып қала беретін секілді.

Le Figaro: Алжир: Бутефликаның інісі әскери прокуратура тарапынан тұтқындалды.

Le Monde: ДАИШ басшысы Бағдади Францияға құқай көрсетті.

Spiegel-Online: Америка өкілетті елшісі Германияны қорғаныс қаражатын арттыруға көндіруге тырысуда.

Deutsch RT: Ирак премьер-министрі Германияның босқындарды жылдам кері қайтаруына қарсы

Blick.CH (Швейцария): Германия қызылша вакцинасына қарсы шыққандарға ақшалай айып салуды жоспарлап отыр.

La Vanguardia (Испания): Санчез Касадомен кездесулерін бүгін бастайды.

El País (Испания): Ресей АҚШ-тан Мадуроға қарсы жүргізген «акциясын»  доғаруын талап етеді.

La Estrella(Панама): Панама президенттік сайлауы: Сайлаудан жеңіспен шыққаннан кейін Кортизо «Бұл – бүкіл елдің жеңісі» деді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.

Егемен Қазақстан газеті: Төл әдебиетіміздің дамуы туралы ой бөлісті.

 



Ұқсас жаңалықтар