Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1188797
Әлем баспасөзіне шолу

Deutsche Welle (DW):  Шри-Ланкадағы лаңкестіктерді ДАИШ мойындады.  Шри-Ланкада 350-ден астам адам қаза тапқан шабуылдарды ДАИШ өз мойнына алды.

Spiegel Online: Украинада сайлау: Германия Канцлері Ангела Меркель сайлаудың жеңімпазы Зеленскийді Германияға шақырды.

 ARD: Шри-Ланка президенті Сирисена қауіпсіздік күштерінің ақпаратты өзімен бөліспегені үшін полиция мен қауіпсіздік күштерін қайта құратынын айтты.

Alsharq Alawsat: Израиль премьер-министрі Нетаньяху Голан төбелеріндегі бір жерге Трамп есімін берді.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Сауд Арабиясы ешбір себеп көрсетпестен бір иорданиялық журналистті екі айдан бері түрмеде ұстап отыр.

SAl-  Hayat (Ливан): Мысырда Судандағы жағдай қолға алынатын Африка саммиті болып жатыр.

El País (Испания): Испанияда жалпыхалықтық сайлау қарсаңында теледидарда ашық бағдарлама: Оппозиция лидерлері арасындағы жарыс премьер-министр Санчезге пайда келтірді.

La Tercera (Чили): Чили мемлекет басшысы Пинера Қытай басшысымен кездесті.

El Universal (Мексика): Көлік ұрлау барысында ұрылардың оғы көлікте ұйықтап жатқан 4 жасар қыз баланың өліміне жол ашты.

Haberrus ақпарат парақшасы:  АҚШ S-400 жүйесіне орай Түркиядағы базасын Грекияға көшіруі мүмкін.

TASS: С. Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейдің Владивосток қаласына сауытты пойызбен келеді.

«Obzor press» ақпарат парақшасы:  Кремль: Путиннің Зеленскийді құттықтауы үшін әлі ерте.

Le Monde (Франция): АҚШ жыныстық қиянаттың бір соғыс қаруы ретінде қолданылуына тыйым салатын БҰҰ резолюциясына қарсы шықты.

Libération (Франция):  Иран мұнайына толық эмбарго: Трамп тікелей мұнайға шабуылдауда.  

Le Figaro (Франция): Жеке меншік секторда жұмыс істейтіндердің жартысы айына 1789 евродан көп табады.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы ұсынған лайықты үміткер.

ҚазИнформ агенттігі: Ақордада Қазақстан мен Мажарстан басшыларының жеке кездесуі өтуде.



Ұқсас жаңалықтар