Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің маңызды тақырыптары.

1158658
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын): Сирияның шығысындағы ДАИШ-тің соңғы қорғанында мәйіттердің иістері тарап, қыспақта қалғандар шөптерді жеуде.

EL Mustakbal (Ливан): Президент Режеп Тайып Ердоған S-400 зымырандарын сатып алуда табанды... Ердоған : «Осы тақырыпта кері қадам баспаймыз».

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катар әлемдегі тұғырын күшейтіп жатқанда, Доханы қоршауға алған елдер де шайқалуда.

Wirtschaftswoche: Түркия: Ердоған инфляцияны 6-7 пайызға шегеруді жоспарлайды.

DW: Дипломатия:Венесуэла Германия өкілетті елшісін шекарадан шығарады.

ARD: Босқындар арасында соғыс қылмыскерлері. Мыңдаған ескерту назарға алынбады.

El Pais: Мадуро Германия өкілетті елшісін елден қуды және Еуроодақпен дағдарыстың қызуын арттырды. Венесуэлалық басшы неміс дипломатты елдің ішкі істеріне араласумен айыптады.

El Mundo: Баск аймағында жүргізілген бір зерттеу 2018 жылы әйелдерге бағытталған физикалық және сексуалды шабуылдардың %28,7 артқанын көрсетті.

El Clarin: Президент Жаир Болсонароның елдегі карнавалмен байланысты пікірталас туғызатын жолдамасының артынан Бразилия үкіметі президенттің карнавалды сынға алу ниеті болмағанын жариялады.

France 24 : «Француз Сыртқы істер министрі Джан Ив-Ле Дариан: «Алжирде сайлау кезеңінің іске қосылуын күту керек».

Le Monde : «Huawei фирмасы АҚШ үкіметіне қарсы сотқа шағымданды».

Libération : «Канада: Саяси бір боран Жастин Трудоны қорқытады».

Орыс «Известия» газеті: Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Балтық теңізі үстінде RC-135 барлау ұшағын қадағалаған орыс Su-27 реактивті ұшағы түсірген бейне көріністерді жариялады.

Орыс «Независимая газета»: Лавров: Ресей Федерациясы АҚШ зымырандарын әлемнің кезкелген аймағына орналастыруына симметриялық жауап қайтару құқығын сақтайды.

Орыс «Lenta.ru»хабар порталы: АҚШ Беларустың Қырым тақырыбындағы ұстанымын қолдады. АҚШ Сыртқы істер министрлігі өкілі Беларустың Ресейдің Қырымдағы билігін мойындамауын «болымды» деп бағалады.



Ұқсас жаңалықтар