Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің маңызды тақырыптары

1157825
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Йемен Қауіпсіздік кеңесінен хоуситтерге қысым көрсетуін сұрады.

Ahbar Al-Khalij (Бахрейн): Youtube көп талас болған  ‘’MOMO’’ ойынының барлық жарнамаларына тыйым салуға шешім қабылдады.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Катар-Австрия саммитінде Шығанақ аймағындағы соңғы жағдай мен екі жақты қатынастар қолға алынды.

Stern журналы: Бұрынғы Сыртқы істер министрі Клаус Кинкел дүниеден озды.  Клаус Кинкел аты аңызға айналған Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің ізбасары еді. Еркін Демократ партиясы саясатшысы 82 жасында дүние салды.

DW: Tрансатлантикалық қатынастар: Германия мен АҚШ-тың уайымдары бірдей

Bild газеті: Галатасарайда атақты тұлға клуб басшысы болғысы келеді.

 Liberation (Франция): АҚШ Алжирден «митинг құқығына» құрмет көрсетуін сұрады.

Le Monde (Франция):  Францияның ең сенімді түрмелерінің бірінде террорлық акт

Le Parisien (Франция): Түрмеде шабуылға ұшыраған қызметкерлер: Шабуылдаушы Страсбург қылмыскерінің «кегін алғысы» келді.

El País (Испания): Испанияда бір сауалнама жастардың 56 пайызының еркек егемендігін мақұлдайтынын көрсетті.

El Mundo (Испания): Реал Мадрид жоспарлау және басқа да қателер салдарынан Аякс алдында 4-1 жеңіліске ұшырады және UEFA Чемпиондар лигасынан шығып қалды.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла қайтыс болғанына алты жыл толғанда бұрынғы президент Уго Чавезді еске алуда. Президент Николас Мадуро бүгінгі күні Венесуэла халқының тарих бойы империализмге қарсы ең ірі күресін жүргізіп жатқанын айтты.

RİA Novosti: Оңтүстік Кореяда орыстың бес теңізшісі тәркіленген кемені порттан шығару, тұтқындауға қарсы шығу және жағалау қауіпсіздік ескертпелеріне бағынбау қылмыстарынан бас бостандығынан айрылды.

TASS агенттігі: Орыс азаматтарының үнемдеген ақшасы алдынғы аймен салыстырғанда 2,4 пайыз азайды.

lenta.ru: Ресейдегі Венесуэла ақшасының тағдыры белгілі болды.  Барлық есепшоттар АҚШ санкция тізімінде орын алған Russian Financial Corporation банкінде жиналады.

Егемен Қазақстан газеті: Шалғайдағы шағын мектептер мәселесін шешудің бір жолы – мектеп-интернат салу.

ҚазИнформ агенттігі: Асқар Мамин Дүниежүзілік банк және ЕҚҚДБ өкілдерімен кездесу өткізді.

 



Ұқсас жаңалықтар