Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің маңызды тақырыптары

1153354
Әлем баспасөзіне шолу

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Амнистия ұйымы: Хашхаджи қастандығы – Сауд Арабиясының адам өлтірушіліктерінің бірі.

Alsharq Alawsat: Жүздеген Сирия азаматы ДАИШ террорлық ұйымының бақылауындағы соңғы аймақтан шықты.  Аралық аймақта қақтығыстар болды.

El-Emarat El-Yaum (БАӘ): Джевад Зариф Иран Төңкеріс қорғаушыларының қысымы нәтижесінде отставкаға кетті.

DW: Йеменде неміс қарулары: Германияда өндірілген қарулар Йеменде маңызды рол ойнауда.

ARD: Нюрнбергте неонацисттердің шеруі наразылықтарға жол ашты.

Spiegel Online: Электрдің құны: Тұтынушылар жылда 9 миллиард евролық электр қуатын ысырап етеді.

El Mundo, (Испания): Венесуэла БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Еуропаның «жаңа сайлау» ультиматумын қабылдамады.

El País, (Испания): АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Мадуроның бейбіт түрде міндеттен кетуі үшін қысым жасауда.

El Universal, (Мексика): Инья́рриту Канн Фильм фестивалінің қазылар алқасында орын алатын алғашқы Мексика режиссері болады.

Le Monde (Франция): Макронның Таяу Шығыстағы ойынға қайта оралу үшін Ирак қысымы

Le Figaro (Франция): Америка мен Еуропа Сирияға экономикалық соққы беруде

Le Temps (Швейцария): 2018 жылы Швейцарияның қару экспорты 63 миллион франк артты.

‘İnterfaks’ агенттігі:Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: Ресей АҚШ-тың Венесуэлаға әскери килігу жасау үшін сылтау табуын бақылып отыр.

lenta.ru ақпарат парақшасы:Америка барлау қызметінің Ресейге алғашқы кибер шабуылын жасағаны ортаға шықты.

 “İzvestiya газеті: Жапония үкіметі Ресей ресми делегациясының Курил аралдарына ұйымдастырған сапарына наразылық көрсетті.

ҚазИнформ агенттігі: Нұрсұлтан Назарбаев ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды.

Егемен Қазақстан газеті: Бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтетін «Нұр Отанның» XVIII съезінде партияның жаңа бағдарламасы қабылданады.

 



Ұқсас жаңалықтар