Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1148951
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat: БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иракта жоғалып кеткен кувейттіктердің тағдырының анықталуы керектігін білдірді.

El Emarat El Yaum (БАӘ): Әйел инженерлер әскери саладағы жетістіктерін дәлелдеді.

El-Rıyad (Сауд Арабиясы): АҚШ президенті Трамп Ғарыш күштері қолбасшылығын құрады.

DW: DW Сөз бостандығы жүлдесі мексикалық журналистке. Мексикалық журналист Анабел Хернандез «Мексикалықтар сөз бостандығына емес,  аман қалуға көңіл бөледі» деді.

Bild газеті: Карл Лагерфельд (85) Парижде дүниеден озды. Енді Chanel-ді періштелер киеді. Соңғы күндеріне дейін жұмыс істеді. Ісік ауруымен ауырғаны айтылған еді.

 Stern журналы: Өте құпия?: Google Map жасырын әскери базалар мен зымыран жүйелерін 3D суреттерімен көрсетеді.

Le Temps (Швейцария):  (Франция президенті) Эммануэль Макронның бұрынғы кеңесшісі Александре Беналла түрмеге қамалды.

Le Monde (Франция): (Францияда) еврей дұшпандығына қарсы өте «саяси» «бірлік күні»

Le Parisien (Франция): (Франция) мәжілісі: бір депутат «Франция Йеменде адам өлтіруде» деген жазу ұстап келді.

El Pais: (Испания): Моданың бағытын өзгерткен кісі – Карл Лагерфельд 85 жасында қайтыс болды.

El Mundo: (Испания):Барселона командасының маңызды футболшысы Жерар Пике Лион-Барселона матчынан кейін Реал Мадрид командасы туралы былай деді: «Реал Мадрид әрдайым шағымданады. Футболда,  баскетболда,  барлық жерде шағымданады. Хентбол және хоккей секілді спорт түрлерінде болмағанына шүкір»

Telesur (Венесуэла): Венесуэла президенті Мадуро медицина факультеті түлектеріне былай деді: «Венесуэла биыл 1469 шетелдік дәрігер оқытып шығарды.  Міне, нағыз гуманитарлық көмек – осы»

RİA NOVOSTİ: Путин мәжілісте сөз сөйлейді.  Дәстүрлі жылдық баяндамасында Путин елінің жағдайына,  ішкі және сыртқы саясатына тоқталады.

İzvestiya газеті: Ресейдің АҚШ-тағы бұрынғы елшісі: «АҚШ Ресеймен дипломатиялық қарым-қатынасының деңгейін төмендеткісі келеді»

TASS агенттігі: АҚШ Сыртқы істер министрлігі: АҚШ пен Түркия Сирияның солтүстік шығысында сенімді аймаққа байланысты келіссөзді жалғастырады.

ҚазИнформ агенттігі: Министр Дәурен Абаев: «Ауыл тұрғындарына спутниктік қабылдағыштар тегін беріледі”

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы «Лукойл» басшысын қабылдады.

 



Ұқсас жаңалықтар