Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1145858
Әлем баспасөзіне шолу

El País (Испания): Премьер-министр Педро Санчес бүгін мерзімнен бұрынғы сайлау болатын күнді жариялайды.

La Vanguardia (Испания): Венесуэланың Қытаймен арадағы келісімі нәтижесінде қамтамасыз етілген 933 тонна көмек материалы елге келіп жетті.

Telesur (Венесуэла): Венесуэла Әділет соты ұлттық мұнай компаниясының жаңа басшы тағайындау шешімін қабылдамады.

Alsharq Alawsat: АҚШ вице-президенті Пенс: Иран Таяу Шығыс аймағының бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін ең үлкен қауіп.

El Vatan (Кувейт): Иорданияда болған екі жарылыста 3 адам қаза тапты, 8 адам жарақат алды.

 El-Hayat (Ливан): Сауд Арабиясының таққа мұрагер ханзадасы Бин Селман Пәкістан, Үндістан, Қытай, Малайзия және Индонезияны қамтитын Азия сапарына шығады.

ARD: «Балаларды қорғау» рапорты: Әрбір бес баланың бірі дағдарыс аймағында тұрады.

DW: Таяу Шығыс конференциясы: Иранға қарсы жаңа одақтастықтар

Bild газеті: Социал Демократ партия әлеуметтік саясатындағы өзгерістер партияға дауыс әперді.  

Le Temps (Швейцария):Соғыс болып жатқан елдерде жауынгерлерден көп балалар қаза табуда.

Libération (Франция): Франция үкіметі интернет арқылы жарияланған жек көрушілік жазбаларына қарсы жоспарын таныстырды.

Le Parisien (Франция): Францияда 14 саяси партия еврей дұшпандығына қарсы шақыру жариялады.

İzvestiya газеті: АҚШ Ресей банктеріне бағытталатын санкцияларын жеңілдетті.

TASS ақпарат агенттігі: Ресей Денсаулықты сақтау министрі орыстардың спиртті ішімдік ішуді қашан тоқтататынын айтты. Мемлекеттік қоғам денсаулығы бағдарламаларының нәтижелері 3-5 жыл ішінде алынады.  Министрдің ойынша қандай шектеме келтірілсе де,  адамдардағы спиртті ішімдік мұқтаждығы өткенге дейін ешнәрсе өзгермейді. Ол да азаматтардың жұмыстарынан қанағаттануы,  болашаққа үмітпен қарауы арқылы мүмкін.

Lenta ақпарат парақшасы: Кезектегі Майдан сценарийі батыс тарапынан Мәскеуде жүргізілуі мүмкін. Бұл болжамды Ресей Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев келтірді.

ҚазИнформ агенттігі: Астана әкімі көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету жолын ұсынды.

Егемен Қазақстан газеті: Банкроттықты тану бәсекелестікке жол ашады.

Айқын  газеті: Қазақстан Еуропалық одақпен орнаған достықты бағалайды.



Ұқсас жаңалықтар