Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

1138886
Әлем баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (Сауд-ағылшын): Палестина текті Неджип Әбу Кейле Каттан - Әл Сальвадордың жаңа мемлекет басшысы.

El-Emarat El-Yaum (БАӘ) : Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) Мемлекет басшысының екі көмекшісі Дубай Әмірі мен Әбу Даби Әмірі елге сапарлай келген Папамен бас қосты.

Al Hayat (Ливан):Мысырдағы атазаң өзгерісі Қорғаныс министрінің тағайындау шарттарын да қамтыды.

El Mundo (Испания): Еуроодақтың Гуаидоға қолдауы Мадуроны дипломатиялық белгісіздікке итермеледі.

El País (Испания): Венесуэла оппозициясы АҚШ пен Колумбия үкіметтерінің жәрдемімен қарулы күштерді бөлгісі келеді.

El Clarín (Аргентина):Өзін уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялағанХуан Гуаидо гуманитарлық жәрдемнің елге кіргізілуіне рұқсат берілуі үшін шеруге шығатындарын білдірді.

Орыс TASS агенттігі: Порошенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы ЕҚЫҰ-ның орыс өкілдерін Украина сайлауында бақылаушы ретінде елге қабылдамайтынын жариялады.

Орыс РИА Новости агенттігі: АҚШ Ресейді Әлем сауда ұйымының нормаларына бағынбаумен айыптады.

Орыс Известия газеті: Сирия тақырыбында Ресей-Түркия-Иран саммиті 14 ақпан күні Сочиде жүзеге асады.

ARD : NSU ұйымы сот процесінде даугерлердің қорғаушысы Седа Башай-Йылдызға жіберілген жаңа қорқыту хаты ортаға шықты. Франкфурт Бас прокуратурасы қорғаушыға жіберілген қорқыту хатын растады. Баспасөзде орын алған хабарға қарағанда қорқыту хаты осы жолы тікелей полицияға жіберілді.

DW: «Nord Stream 2» құбыр желісі жобасына қарсы наразылықтар артты. Ресейден Германияға дейін жалғасатын табиғи газ құбыр желісімен байланысты шешім жақында қабылданады. Польша, Украина және АҚШ осы жобаның Германияны одан көп Ресейге бағынышты қылатыны жөніндегі уайымдарын тілге тиек етуде.

Spiegel Online: Меркель Токиода. Меркель Жапонияға 5, Қытайға 11 рет ресми сапармен барды. Ангела Меркель Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен әңгімелесуде. Екі басшы ортақ тұстарының бірі екеуінің де кемшіліктері. Меркель мен Абэ кездесулері символдық маңызға ие болса да, Қытай жақыннан қадағалауда.

Le Monde: Венесуэла тақырыбында еуропалықтар Дональд Трамптың басқан қадамын неліктен қадағалауда?

Le Figaro: Парижде бір ғимаратта шыққан өртте 7 адам қаза тапты, 1 адам ауыр жарақат алды.

Libération: Францияда жанкешті саны өкінішке орай әлі жоғары.

ҚазИнформ агенттігі: Бақытжан Сағынтаев көппәтерлі үйлерде жер салығын алып тастауды ұсынды.

Егемен Қазақстан газеті: Ерлікті дәріптеу – елдік міндет.



Ұқсас жаңалықтар