Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия мен Еуроодақ арасындағы дипломатиялық дағдарысқа кең орын берген.

696582
Әлем баспасөзіне шолу

Ұлыбританияның «The Times» газеті «Еуропадағы түріктердің саны арту керек» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған шетелде өмір сүрген түріктерді бөлшектенушілікке қарсы қорғау үшін жанұя санын арттыруды ынталандырды. Еуропадағы түріктерге салауатты өмір салтының сапасын одан да арттыруға шақырған Ердоған Еуропада түріктерге жасалған құқықсыз ұстанымға да осылайша жауап қайтарылатынын білдірді. Еуропада өмір сүрген шамамен 4,6 миллион түрік азаматы бар. Бұлардың көпшілігі 1960 жылдары жылдам жетілген Батыс Еуропа елдерінде пайда болған жұмысшы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін сол елдерге шақырумен барған жұмысшылардың балалары. Осылардың көпшілігі түрік азаматтықтарын осы күнге дейін тастаған емес.

АҚШ-тың«Associated Press» хабар агенттігі президент Ердоғанның «16 сәуір күнінен кейін жақсылап сөйлесеміз» деген сөздерін тақырып қылған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Еуропада түрік министрлерінің шетелдегі түріктермен басқосуына кедергі жасауы, бөлшектеуші террор ұйымы ПКК-ның іс-шараларына рұқсат беруіне наразылық көрсетті. Ердоған «Осылай жалғаспайды, Түркия не қажет болса жасайды» деді. 16 сәуір күнгі «Атазаңға өзгеріс енгізу» тақырыпты бүкілхалықтық референдумның артынан Еуропамен қайта сөйлесетіндерін атап айтқан Ердоған Голландия мен Германияның түрік министрлердің бүкілхалықтық референдум науқанына қойылған тыйымдарға бірдей жауап қайтарылатынын білдірді. Ердоған «Бұдан былай жеке тұлға немесе мекеме болсын ешбір еуропалықтың Түркияда әртүрлі айлакерлік пен тыңшылық жасауына рұқсат берілмейді» деді.

Германияның «Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ)» газеті «Германия ПКК сындарына үнсіз қалды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Германияның түрік министрлерінің митинг жасауына тыйым салуы және террор ұйымы ретінде таныған ПКК-ға ұйымның символдарымен митинг жасауғарұқсат беруі Анкараны ашуландырды. Германия қазіргі таңда террористтерге қолдау бергені жайлы айыптауларға душар болуда. Түрік үкіметі сыншыл тілмен террорға қарсы жасалған жеңілдіктерге наразылық көрсетіп жатқанда, неміс саясат қайраткерлері жауап қайтара алмай отыр. Неміс полициясы болса саясат қайраткерлері жалғыз қалдырған соң дағдарысты асқындырған күш ретінде ортаға шықты.

Францияның «TV5 Monde» арнасы «Босқындар Еуропаға өтуге дайындалады» атты жаңалық жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия босқындар мен Еуропа арасында барьер қызметін атқаруда және соңғы кездері бұл барьердің алып тасталуы күн тәртіпте. Түркия өз жерінде асыраған бұл босқындардың тіршіліктегі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, үлкен пидақорлық жасауда. Түркияның шекаралары ашылған жағдайда бір айдың ішінде 1 немесе 1,5 миллион босқынныңЕуропаға кіретіні анық. Негізінде шекаралар қазірдің өзінде өте алмайтындай емес. Түрік үкіметі қабылдаған барлық  шараларға қарамастан ақпан айының басынан бері грек аралдарына 1 мың 400-ден астам босқын ұласты.



Ұқсас жаңалықтар