Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

630206
Әлем баспасөзіне шолу

Германияның ақпарат агенттігі DPA «Еуроодақ Түркиямен диалогты ашық ұстайды» деген хабар жариялаған.

Еуроодақ Фетуллах Гүлен қозғалысының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен бері Түркияға байланысты бірінші рет нақты қадам басады.  Одаққа мүше елдер сейсенбі күнгі кездесі нәтижесінде Австрия және Еуропа парламентінің Түркиямен келіссөзді тоқтату жөніндегі ұсыныстарына бағынбады.  Осылайша Еуропа парламенті Брюссельдегі министрлер жиналысында Түркияға есікті жаппай,  диалогтың жалғасуы бағытында шешім қабылдады.

Үндістанда «Jansatta» газеті «PKK батыстан алған қаруларын ДАИШ-ке қарсы емес,  Түркияға қарсы қолдануда» деп жазған. « Батыстық елдер террор ұйымы PKK-ға басқа бір террор ұйымы ДАИШ-пен күресуі үшін қару беруде.  Алайда PKK осы қаруларды ДАИШ-ке қарсы емес,  Түркияға қарсы қолданып отыр. Ұйым лаңкестіктерін тек Түркия жерінде істеп отыр. Бұларға ДАИШ-пен күресу батылдығын берген батыстық күштер басқа террор ұйымдарына да оқ-дәрі жолдап отыр.  Осылайша батыстың екі жүзді саясаты анық көрінеді. Негізінде ойландыру керек тақырып: терроризммен күресі жатқанын әрдайым айтып отырған елдердің күдікті әрекеттері. Бір жағынан террористтерге деген уайымдарыңды тілге тиек етесіз,  бір ағынан қаржылай, қару және әскер материалдық көмектерді аямайсыңдар.  Егер әлем көлемінде терроризм асқынып кеткен болса,  онда мұның бір себебі бар: екі немесе үш жүзді әрекеттер. Бұған ең жақсы мысалды Стамбулдағы терактте  анық көреміз» деп жазылған газетте.

Әзірбайжанда шығатын «Йени Мусават» газеті «Бөлшектеуші террор ұйымы сырттан қолдау көріп отыр» деген тақырып қолданған.  Газетте «Соңғы 35 жылда Түркияда 35 мыңнан астам адам мен қауіпсіздік қызметкері террор ұйымы PKK-ның құрбаны болды.  Түркия неше жылдан бері осы ұйыммен күресіп келеді.  Террорлық ұйымның артында Түркияның дамуын қаламайтын, ұйымға қару беріп отырған елдер бар.  Бұған ешкім қарсы шыға алмайды. PKK жыл сайын ержеткен балаларды күштеп апарып, террорист санын арттыруға тырысса да,  соңғы бір жылда ұйымға қосылғандар саны аз.  Ал осыншама жарылғыш материал,  қару,  зымыран,  замандас байланыс құралдары,  үңгірлерде тұратын террористтердің тамағы,  оқ-дәрісі қайдан келіп жатыр? PKK-ға барлық көмек пен қолдауды беріп отырған елдердің негізгі мақсаты - Түркияның бөлшектенуі,  кішіреюі, әлсіреуі.  Алайда мұны ашып айта алмайды» деп жазылған.

Франциядағы «Liberation» газеті «Дональд Трамптың Түркияға қызығушылығы» деген мақала жариялаған.  Америка Құрама Штаттарында қаңтар айында президенттік міндетін қабылдап алатын Дональд Трамптың мұсылмандарға байланысты айтқандарымен қоса Түркия АҚШ-тың мықты сауда-экономикалық және стратегиялық серігі болатын секілді.  АҚШ-та бір интернет парақшасына мәлімдеме жасаған Дональд Трамп Стамбулдың тартымдылығына назар аударып,  осы қалада өте маңызды жылжымайтын мүліктері бар екенін айтты. Стамбулдың Еуропа жағасындағы 39 қабатты Trupm Tower көк тірегендері 2012 жылы салынды. Трамп іскер ретінде Түркияның табысы мол жер екенін еш жасырмады.  Стамбул мен Измир қалаларында инвестициялары бар. Трамп 15 шілде оқиғасынан кейін де Түркияны қолдап айтып отырды.  Президент Ердоған да Трамп президент болып сайланғанда телефон шалып, құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар