Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде жарияланған Түркия жөніндегі хабарлар

620528
Әлем баспасөзіне шолу

Ұлыбританияның хабар сайты Askarq Al-awsat «Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмушпен сұхбат» деген хабарға орын берген. Хабарда Премьер-министр орынбасары Нуман Куртулмуштың Түркияның соңғы кезеңдерде Еуропа Одағының екі беткейі және сыңар жақты кейбір саясатына душар болғанын баяндағанын жеткізген. Сайттың хабары бойынша Еуропа Одағының уәде берген жағдайда босқындарға ақшалай жәрдем жасамағанын және Түркияға виза жеңілдігін атқармағанын түсіндірген Куртулмуш «Еуропа Одағы виза жеңілдігін жасамаса, онда босқындардың Еуропа шекарасынан өтуіне тосқауыл болмаймыз» деді. Куртулмуш сонымен қатар төңкеріс әрекетінен кейін Түркияда демократияға қолдау көрсетпеген Еуропа Одағы елдерінің Түркияны жаңылтқанын білдірді. Нуман Куртулмуш «Шанхай ынтымақтастық ұйымы мүшесі елдерімен жақындасуымыз, сондай-ақ осы ұйымға мүше болуымыз Батыс елдерімен болған қарым-қатынастарымызды және Еуропа Одағына мүше болу талабымыздың маңызын азайтпайды» деді.

Италияның il Giornale газеті хабарын «Еуропада босқын алаңы» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабарында Еуропа Одағының Түркияны келіссөздер жөнінде әртүрлі сылтаумен үнемі айналдыруы және уәделерін орындамауы Түркияның наразылық көрсетуіне себеп болғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда үкімет лауазымдары босқын мәселесі жөнінде жүкті бөліскісі келмеген және түріктерге виза жеңілдігі жайлы айналдыру әдісін қолданған Батыстың екі беткей тұғырына қарсы Еуропаға барғысы келген босқындарға қақпаны ашу  мәлімдемесін жасауда. Осы жағдай қарызбен арпалысқан Афины үкіметін алаңдатуда. Түркиядағы сириялық босқындар болса қақпаларды ашқан жағдайда Еуропаға баратындарын баяндауда. Қазірдің өзінде Түркияда үш миллионнан астам босқын бар.

Ресейдің ресми газеті РИА Новости «Түркия туризм секторына қолдауын жалғастыруда» деген хабарға орын берген. Газет премьер-министр Бинали Йылдырымның мемлекетте туризм секторына қолдау көрсету бағдарламасының келесі жылы да жалғасатынын айтқанын жеткізген. Газеттің хабары бойынша Йылдырым «Түркияға турист әкелген саяхат фирмаларына 2017 жылы турист санын арттыру мақсатымен 6 мың долларлық қолдау ақша беріледі. Ұшақ 200-ден астам жолаушыны алған жағдайда қолдау ақшасы 7 мың 800 доллар болады» деді. Үкіметтің ынталандыруына да тоқталған Бинали Йылдырым 2016 жылы 30 шілде күнінен осы таңға дейін 417 мың 996 кішкене және шағын фирмалардың алған несие көлемінің 19,5 миллиард лира болғанын айтты.

Ұлыбританияның Reuters хабар агенттігі «Аданадағы бомбалы шабуылды террор ұйымы ПКК мойнына алды» атты тақырып қолданды. Газет террор ұйымы ПКК-ның қолы TAK-тың Аданада өткен апта екі адамның қаза табуына және 30 адамның жарақат алуына себеп болған шабуылды мойнына алғанын жазған.

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар