Әлем баспасөзіне шолу

Газеттер әлем баспасөзінде орын алған Түркия хабарларына орын берген.

616032
Әлем баспасөзіне шолу

Ресейдің Риа Новости ақпарат агенттігі президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.

Хабарға қарағанда,  Түркия президенті Түрік Қарулы күштерінің қолдауымен Еркін Сирия Армиясының Әл-Баб қаласын террор ұйымынан азат еткеннен кейін Мунбичке қарай бағытталатынын білдірді.  Ердоған: «Әл-Бабтан кейін Мунбичке кіреміз.  Сол жерде сириялық күрттердің террор ұйымдары бар. Олар шығысқа кетуі керек. Бұған уәде берді. Ол территория олардікі емес.  Ол жерде арабтар тұрады. Арабтар тұруын жалғастырсын,  Түркия қоныстанбайды» деді. Ердоған айырықша Түркияның қауіпсіздік стратегиясының қауіптің Түркияның қақпасына келуін күтпей кедергі жасау екенін атап көрсетті.

ИРНА ақпарат агенттігі «Анкарада бір сот PYD басшысының ұсталуына үкім берді» деген хабар жариялаған.

Анкарада әскерлерді тасыған көліктерге бағытталған 17 ақпан күнгі шабуылды тексерген сот кеше террор ұйымының басшысы жөнінде ұстау үкімін берді. Осы үкімге орай Салих Мүслүммен бірге Зүбейр Айдар, Ремзи Картал, Джемил Байык, Мурат Карайылан және Фехман Хүсейін кездескен жерге құрықталуы керек. Сот барлығы 48 адам үшін үкім шығарды.  Анкара үкіметі PYD мен YPG-ні террор ұйымы PKK-ның салалары деп есептейді.

Германияда DPA агенттігі де президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Фетуллах Гүлен қозғалысының жақтастарына қарсы аяусыз күресті жалғастырады.  Ердоған Анкарадағы полиция академиясындағы конференцияда «Мемлекеттің осы опасыздардан толық тазаланбағанын біліп отырмыз. Отанды оларға қалдырмаймыз және олардың халқымызға қысым жасауына рұқсат бермейміз.  Не қажет болса істейміз» деді. Ердоған шетелдерден келген сындарға жауап ретінде «Ешкімнің Түркияның ішкі істеріне араласуына хақы жоқ» деді. «Түркияның терроризммен күресі соңғы террорист тазаланғанға дейін жалғасады.  Бұл күрес төтенше жағдай аяқталғаннан кейін де жалғаса береді» деді ол.

Грекияда болса Zougla газеті «Кипрлық понтилер мен түріктері қайтадан бірлескісі келеді» деген хабар жариялаған.

Кипрде бір топ понти мен түріктер бірігіп, талаптарын ашып айтты.  Шара Никосияның аралық аймағында өтті.  120 адам Кипр проблемасының шешілуі үшін ұран тастады.  Ортақ мәлімдемеде «Келісімге орай шешім ізденістеріне қолдау береміз.  Екі басшыны мықты келіссөзге отырып,  айырықша Кипр халқының үмітін ақтайтын келісімге келуге шақырамыз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар