Әлем баспасөзіне шолу

Халықаралық ақпарат агенттіктері Түркия және аймақ туралы хабарларға кең орын берген.

607004
Әлем баспасөзіне шолу

Парсы Пресс телеарнасы «Түркия Германияны террорға қолдау берумен айыптады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу неміс үкіметін аймақтағы террор топтарына қолдау берумен айыптады. Чавушоғлу Анкарада өткізген баспасөз жиналысында «ПКК мен DHKP-C террор ұйымдары Германиядағы жұмыстарын жалғастыруда. Немістер бұл топтарды қолдайды. Өйткені бұл топтар Түркияға қарсы қозғалады. Германия оппозициялық террор ұйымдарына басқа елдерге қарағанда одан көп көмектесуде» деді. Чавушоғлу «немістер демократияда өздерін бірінші, Түркияны екінші орында қабылдайды» деп мәлімдеді.

Орыс Тасс агенттігі «Түркия Сыртқы істер министрлігі Могеринидің мәлімдемелерін қабылдамайды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Сыртқы істер министрлігі Еуроодақ Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаттары Жоғары өкілі Федерика Могеринидің Түркиядағы жағдаймен байланысты мәлімдемелерінің қабылданбайтынын атап, Анкара үшін ешбір құны жоқ екенін білдірді.

Тасс агенттігінің хабарына қарағанда «Түркия сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде ‘Еуроодақ Жоғары өкілінің елімізді нысанаға алып, айтқан сөздерін қабылдамаймыз. Өкінішке орай Түркияның террормен күрес тақырыбындағы уайымдарына Еуроодақ түсінбеушілікпен қарауда. Еуроодақ бұл мәселелердегі жауапкершілігінен тек қана Түркиядағы шабуылды айыптаумен құтыла алмайды. Министрлік Еуроодақтың терроризммен күрес тақырыбында түрік халқының назарында сенімін жоғалтты» делінген.

Ұлыбританияның Рейтер агенттігі «Түркия Аккую атом электр стансасының алғашқы блогын 2023 жылдың соңында іске қосылуын күтеді» атты хабар жариялаған.

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак сейсенбі күні министрліктің алдағы жылы бөлінген бюджетімен байланысты Мәжіліске берген брифингте Түркияның Ресеймен ынтымақтастықпен салынған 20 миллиард долларлық Аккую Атом электр станциясының алғашқы сатысының 2023 жылдың соңында іске қосылуын күткенін атап көрсетті. Түркияның әсіресе табиғи газ үшін маңызды бір энергия орталығы болу бағытында ілгерілегенін атап көрсеткен Албайрак «Соңғы қабылданған шешімдермен табиғи газды сақтау күшіміз 10 миллион текшеметрге ұласты» деді.

Швейцарияның«TAGES-ANZEİGER» баспасөзі «Леман көлінде Кипр бейбітшілік келіссөздері» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Кипр мәселесін «бейбітшілікті қамтамасыз ету қол созатындай жақын» деп бағалады. Пан кеше Швейцарияның Монт-Пелерен қала әкімшілігі ғимаратында басталғанкеліссөздер жайлы «Соңғы 1,5 жылда маңызды жетістіктерге қол жеткізілді. Бірақ әлі кейбір мәселелер нәзік және қиын тақырыптар» деп бағалау жасады. Пан Кипрда баршаның бейбітшілікті күткенін атап, «Екі тарап келіссөздерде маңызды бір сатыға жетті. Бұл динамизмнен ең жақсы нәтиже шықсын деп тараптарды ынталандырамын» деді.



Ұқсас жаңалықтар