Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде орын алған Түркия жөніндегі хабарлар

592617
Әлем баспасөзіне шолу

Германияда «Дойче Велле» Түркия премьер-министрінің сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Премьер-министр Йылдырым Мосулдың ДАИШ-тен азат етілуі үшін басталған операцияда Түркияның орын алуы тақырыбында коалиция ішінде келісім бар екенін айтты.  Бинали Йылдырым Әділет және даму партиясының мәжілістегі жиналысында Мосул операциясына байланысты мәлімдеме жасады. Түркия премьер-министрі «Түркияға қарсы бір жағдай ортаға шығатын болса, қажетті қадам басылады» деді.

Ресейдің Риа Новости ақпарат агенттігі «Чавушоғлу АҚШ-қа ескерту жасады» деген хабар жариялаған.  Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Анкараның Сирия және Ирак жөніндегі ұстанымын АҚШ-қа бірнеше мәрте білдіргенін айтты. Министр Анкараның ұстанымын елемеген АҚШ-қа ескерту жасады. Чавушоғлу «АҚШ Мемлекеттік Хатшысы Керримен телефон әңгімесінде аймақтағы жағдайды қолға алды.  Түркияның ескертулерін елемеген жолдастар артынан өкінеді,  бірақ кеш болады.  әсіресе операция басталмастан бұрын Анкараның ұстанымы мен жасай алатындары жөнінде барлық тараптарға мағлұмат береміз.  Оның үстіне Анкараның ұстанымы жөнінде менімен бірге Түркия Бас штаб басшысы да АҚШ-қа және халықаралық коалицияға мәлімет берді» деді.

Хабарға қарағанда Мевлүт Чавушоғлу 15 қазан күні Лозаннада өткен Сирия тақырыпты жиналыс кезінде Анкараның Сирия мен Ирак ұстанымы жөніндегі хатын Керриге өзі берген.

AFP ақпарат агенттігі Мосул операциясына орын берген. Анкарадан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түрік Әуе күштері халықаралық коалиция құрамында Ирактық жауынгерлерге  көмек беруін жалғастырады. Түркия Ұлттық Қорғаныс министрі Фикри Ышык «Әуе күштеріміздің Мосул операциясында орын алуы тақырыбында коалиция күштерімен келістік» деді. Хабарға қарағанда министр «Түркиясыз Мосулдың болашағы жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес» деді.

Reuters ақпарат агенттігі «виза келісімі болмаса,  босқын кері қабылдау үдерісі тоқтауы мүмкін» екенін хабарлады.

Хабарға қарағанда Түркияның Еуроодақ министрі Еуропа Одағының жылдың Түркияның терроризммен күрес заңдарына өзгеріс енгізуде көнбестігін жалғастыруды тоқтатуы керектігін, әйтпесе Анкараның заңсыз көшті тоқтатуды мақсат еткен келісімді орындамайтынын айтты. Түркияның еуроодақ министрі Өмер Челик агенттікке берген сұхбатында «Жағдайға қарамастан қиыншылық шығару виза жеңілдігінің алдына кедергі қою деген сөз.  Сондықтан берген уәделерін орындамады деп есептейміз» деді. Министр Түркияның Грекияға заңсыз көшкен босқындардың кері алынуы көзделген Брюссельмен жасалған келісімнің осы бөліміне байланысты «Бұл жағдайда кері қабылдау келісімін жалғастырмаймыз және қажет болса күшін жоямыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар