Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзіндегі Түркия жаңалықтары

587872
Әлем баспасөзіне шолу

Италияның «Agenzia NOVA» агенттігі президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.

Түрік президенті Ердоған Башика лагеріндегі Түрік Қарулы күштерінің Ирактан ешбір бұйрық алмайтынын айтып,  Ирак премьер-министрі Хайдар әл Абадиді «шегін тануға» шақырды.  23-ші Бүкіләлемдік Энергия конгресі аясында кейбір мұсылман елдердің басшыларымен жиналыс өткізген Режеп Тайып Ердоған «Ирак Башика тақырыбында бізден бірсыпыра нәрсе талап етті. Енді базадан кетіңдер деп отыр. Алайда Түрік армиясы Бағдаттан бұйрық алмайды» деді.  Ердоған айырықша «Түркия Джераблуста жасағаны секілді Мосул операцияларына да қатысады» деді.

Германияның ақпарат агенттігі DPA Федералдық Германияның ДАИШ-ке қарсы миссиясына орын берген. Агенттік Федералдық Германияның Түркиядағы неміс әскери істерінің мерзімін созатынын хабарлады.  Кабинет ДАИШ-ке байланысты күресте орын алуын көздеген рұқсатқа орай мәтінді сәрсенбі күні қарайды. Осы рұқсат арқылы неміс әскерлерінің AWACS барлау ұшақтарында да қызмет атқаруы көзделіп отыр.  Федералдық Германия парламенті осы тақырыпты бұрын жоспарлағандай желтоқсан айында емес,  қараша айында дауысқа салуы мүмкін. Германия қазір 250 әскер, 6 Торнадо және 1 танкер ұшақпен Түркияның ДАИШ-пен күресіне қолдау беріп отыр.

Ресейдің «Риа Новости» агенттігі Ресей мен Түркия Энергия министрлерінің ынтымақтастығына орын берген. Түркияның Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайракпен Бүкіләлемдік Энергия конгресінде кездескеннен кейін Ресей Энергия министрі Александр Новак журналистердің сұрақтарына жауап берді. Хабарға қарағанда Новак Ресей мен Түркияның Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісі және Аккую атом энергия стансасының құрылысымен бірге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізуді көздеген үкіметтер арасы келісімнің орындалуын сөйлескендерін айтты.  Новак: «Энергия ынтымақтастығына байланысты,  Аккую атом энергия стансасы құрылысы аясында басылатын қадамдарды талқыладық» деді.

Ұлыбританиядан жарияланатын AP агенттігі Польшадан бір хабарға орын берген.  Польшаның Торун қаласында Николай Коперник Университетінде оқитын түрік азаматы қала орталығында бір шабуылға ұшырады. Хабарға қарағанда осы елде шетелдіктерге дұшпандық артып отыр. Университеттен бір мәлімдемеші егер азаматтар өздерін сенімді сезінбесе университеттерге шетелдік студенттер келмейтінін айтты. Өткен ай Варшавада бір университет оқытушысы неміс тілінде сөйлегендіктен соққыға жығылған еді.



Ұқсас жаңалықтар