Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде жарияланған Түркия жөніндегі хабарлар.

578596
Әлем баспасөзіне шолу

Германияның, DW газеті «Джонсоннан Түркиямен сауда келісімі мәлімдемесі» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарында жаңа міндет атқарғаннан кейін алғаш рет Түркияға зиярат жасаған Ұлыбритания Сыртқы істер Борис Джонсон Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым, Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ және Президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті. Джонсон сауда жөнінде мәлімдеме жасады. Премьер-министр Бинали Йылдырым Борис Джонсонды Чанкая Сарайында қабылдады. Газет Йылдырым кездесуден кейін жасаған мәлімдемесінде «Ұлыбританияның Фетуллахшы террор ұйымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінен кейін көрсеткен береке-бірлігіне қатты риза болғанын» білдіргенін хабарлады.  Газеттің хабарына қарағанда Борис Джонсонды «Еуропа одағынан айрылудамыз. Бірақ Еуропан емес» деді. Джонсон  «Ұлыбритания мен Түркия арасында өте үлкен сауда келісімін жасауды үміт етемін» деген сөздер қолданды.

Ресейдің ресми газеті РИА Новости хабарын «Медведев Түркия премьер-министрімен телефонда сөйлесті» атты тақырыбымен берген. Газеттің хабары бойынша Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырыммен телефондағы кездесуінде Түрік ағымы табиғи газ құбыр желісінің салынуы және Аккуйу атомдық энергия станциясымен қатар сауда және экономикалық ынтымақтастығымен байланысты тақырыптарды қолға алды. Газет тақырыпқа байланысты жасаған мәлімдемесінде сонымен қатар екі ел премьер-министрінің өткізілетін екі жақты кездесулердің бағдарламасына тоқталғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда телефон кездесуі барысында Бинали Йылдырым Ресейде өткен сайлауда Біріккен Ресей партиясының жеңісіне орай Медведевиті құттықтады. Йылдырым Түркия үкіметінің Ресей-Түркия қарым-қатынастарының дамуына күш салатынын айтты.

Әзірбайжанның Хабар агенттігі APA-ның «Әзірбайжан Президенті Түркия министрлерін қабылдады» атты хабарында Әзірбайжан Президенті Илхам Алиевтің Түркия Қорғаныс министрі Фикри Ышык пен Мәдениет және туризм министрі Наби Авжының басшылығындағы делегацияны қабылдағанын жариялаған. APA-ның хабары бойынша кездесуде Әзірбайжан мен Түркия арасында қорғаныс, әскери және әскери техникалық ынтымақтастық саласындағы қарым-қатынастардың ойдағыдай дамығаны тілге тиек етілді. Сондай-ақ Әзірбайжан Халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі ADEX 2016-ның маңыздылығына тоқталды. Екі ел мәдениет және туризм саласындағы қарым-қатынастардың табысты екені баяндалған кездесуде ынтымақтастықтың тіпті де дамытылуы үшін үлкен потенциальдың бар екені айтылды. Кездесуде соңғы кезеңде туризм саласындағы жұмыстардың нәтижесінде елге келген турист санының артқаны білдіріліп, Түркияның осы салада көп тәжірибеге ие болғаны түсіндірілді және Әлем туризм күнінде Түркия мәдениет және туризм министрі Наби Авжының мемлекетке жасаған зияратының маңызы баяндалды.  

Катардың трансляция мекемесі Әл-Жазира «Түркияның Оскар үміткері белгілі болды» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда режиссерлігін Мұстафа Кара жасаған «Kalandar Soğuğu» атты фильмі Түркияның Оскар үміткері болып белгіленді. Көркемөнер іс-шаралары комиссиясынан жасалған мәлімдеме бойынша Мәдениет және туризм министрлігі мен кинофильм саласындағы мамандық ұйымдарының өкілдерінен құралған 17 адамдық сайлау алқасы құрылды және сайлау алқасы Америкада өтетін 89-ші Оскар ең үздік шетелдік фильм саласындағы Түркия үміткерін белгіледі. Мұстафа Кара түсірген «Kalandar Soğuğu» атты фильмі Түркияның Оскар үміткері болып белгіленді.

 



Ұқсас жаңалықтар