Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

562399
Әлем баспасөзіне шолу

Францияның   La Croix газеті «Түркияның килігуі кешіккен бір килігу» деген тақырып қолданды.

Сирияның солтүстігінде араптар шоғырланған аймақтарда террор ұйымы DYP-нің территория иелеуге тырысуы өте қауіпті. Осы тұрғыдан алғанда Түркияның әскери килігуімен PYD-нің жер алаңын иелеуге ұмтылған әрекеттерін тосуы жөн. PYD-нің Сирияда кең қанат жаюы және бұның жалғасуы қауіп төндіреді. Өйткені PYD Сирияның территория тұтастығын бұзып, үш түйінді бірлестіре отырып бір мемлекет құрмақшы. Алайда осы жерлер арап шоғырланған аймақтан бөлек. PYD мемлекет құруы үшін осы арап аймақтарының өз билігіне өтуін нысаналауда.

Катардың Әл-Жазира  газеті хабарын «Түркияға бағытталған қауіптер жойылғанға дейін Евфрат қалқаны операциясы жалғасады» атты тақырыбымен берген.

Президент бас ақылшысы Илнур Чевик Түрік Қарулы Күштері мен террор ұйымы ПКК-ның Сирия тармағы PYD-нің қарулы бөлшегі YPG арасында атысты тоқтатумен байланысты ешқандай бір келісімнің жасалмағанын, алайда Вашингтонның осыған жағдай жаратқысы келгенін баяндады.  Илнур Чевик «Түрік Қарулы Күштері мен YPG арасында атысты тоқтатуға бағытталған ешбір келісім немесе бір көзқарас ұқсастығы әсте жоқ. Мысалы, PYD-ге тән террористтер уәде берген жағдайда Евфрат өзенінің шығысына шегінбей батысында жалғасты қалады. Атысты тоқтату пайымдаулары АҚШ тарапынан айтылған» деді.

Германияның, DPA газеті «Түркия виза қиыншылығының ең кеш қазан айында күшінен қалдырылуында табанды» деген тақырып қолданды.

Түркия тағы бір мәрте Еуропа Одағы елдеріне саяхаттарда азаматтарына виза еркіндігінің жасалуы және келімсек келісімінің орындалуы тақырыбын күн тәртіпке әкелді. Түркия Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Афиныда шығатын Kathimerini-ге берген сұхбатында «Ең кеш 2016 жылының қазан айында виза еркіндігінің жасалуын күтеміз» деді. Министр Еуропа Одағы жауапкершілігін орындамаған жағдайда Түркияның заңсыз келімсектерді тоқтата алмайтынын білдірді.

Ресейдің ресми газеті РИА Новости хабарын «Түрік ағымы жобасының қайтадан жандануы күн тәртіпте» атты тақырыбымен берген.

Газпром делегациясы сәрсенбі күні, яғни бүгін Түркияға келіп түрік ағымы газ құбыр желісі жобасының қайтадан жандануы мәселесін қолға алады. Газпром басқару алқасы төрағасы Александр Медведев газеттерге жасаған мәлімдемесінде делегацияның 31 тамыз күні Түркияға зиярат жасауымен байланысты «қарым-қатынастарымыздың күн тәртібімен байланысты түрде Түркия сапарымызды жоспарлаған едік» деді.


Этикеттер: #Түркия , #Сирия , #газет

Ұқсас жаңалықтар