Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінде Түркияға жөнінде хабарларға кең орын берілген.

553572
Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ баспасөз мекемесі VOA (Voice of America / Америка дауысы) «Чавушоғлу және Керри телефонмен әңгімелесті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен телефонмен сөйлесті. АҚШ сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Марк Тонер күнделікті баспасөз жиналысында жасаған мәлімдемесінде екі министрдің екі жақты ынтымақтастық пен аймақтық тақырыптарды қолға алғанын білдірді. Сириядағы жаңалықтардың егжей-тегжейлі қолға алынғанын атап көрсеткен Тонер FETÖ/PDY-нің басшысы Фетуллах Гүленді қайтару кезеңінің де күн тәртібіне келгенін мәлімдеді. Түрік дипломатиялық ақпарат көздері де әңгіме барысында Фетуллах Гүленді қайтару кезеңі, АҚШ президентінің орынбасары Джо Байденнің Түркияға ұйымдастыратын ресми сапары, Менбич пен Халебтегі соңғы жағдайлар және Сирияның жалпы жағдайының талқыланғаны атап көрсетілді.

АҚШ хабар агенттігі AP «Түркия Грекияға қашқан 8 әскердің қайтарылуын талап етті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ресми хабар агенттігі Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымының 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан Түркиядан көрші Грекияға қашқан 8 түрік әскерінің кері қайтарылуын талап еткенін білдірді. Анадолы агенттігі Әділет министрлігі тарапынан дайындалып, Грекияға жеткізілген қылмыстық-іс құжаттары мен әскерлердің «күш қолданып атазаңды бұзу», «президентке қастандық әрекеті», «Заң шығару органына және үкіметке қарсы қылмыс жасау» мен «қарумен бірден көп адамға шабуылдау» айыптарымен кері қайтарылуын талап еткенін жариялады. 15 шілде күнгі төңкеріс әрекетінің артынан алты ұшқыш пен 2 инженер, әскери бір тікұшақпен Грекияға қашқан болатын.

Катардың трансляция мекемесі Әл-Жазира «Түркияға қуанып келемін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда EXPO 2016 Анталия 9 қыркүйек күні концерт қоятын әлемге әйгілі әнші Sir Elton John хат жолдады. EXPO 2016 Анталия агенттігіне жолдаған хатында Түркиядағы оқиғалардың демократия мен еркіндіктерді нысанаға алғанын атап айтқан John «Түркиядағы EXPO 2016 Анталия концертімді қуанышпен беретін боламын» деді. Түркияда мұның алдындағы концерттер арқылы жақыннан танығанын атап көрсеткен Elton John хатында оқиғаларды «бас ауруы» ретінде бағалап, оқиғалардың Түркияның демократия және еркіндік ортаны бұзуды нысанаға алғанын байқап отырғанын білдірді. Оқиғаның Түркияның сұлулығына көлеңке түсірмейтінін атап айтқан Elton John бұл себептен 9 қыркүйек күні EXPO 2016 Анталиядағы концертін үлкен қуанышпен беретінін білдірді.

Ұлыбританияның трансляция мекемесі BBC «Рио 2016-да Түркияның үшінші медалын палуан Дженк Илдем иеледі» тақырыпты хабарға орын берген. Хабарға қарағандаRio 2016 Олимпиада ойындарында күрес саласында Түркия атынан жарысқан Дженк Илдем қола медалға қол жеткізді. Грек-рим күресінде 98 кг. салмақтағы румын қарсыласы Алексус Сиурариуды жеңіп, қола медалға қол жеткізген ұлттық палуан Риода Түркияға үшінші медалды әкелді. Риода Түркияға тұңғыш күміс медалды штангада Данияр Исмаилов, екінші күміс медалды болса палуан Рыза Каяалп әкелді.



Ұқсас жаңалықтар