Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жөніндегі хабарларға орын берген.

548887
Әлем баспасөзіне шолу

AFP ақпарат агенттігі «Путин мен Ердоған бас қосты» деген хабарға орын берген.  Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған бүгін бірнеше ай дағдарыстан кейін бірінші рет кездесті. Хабарға қарағанда олар Мәскеу мен Анкара арасындағы қатынастардың қалпына келтірілуі керектігін айтты. Сонымен бірге Ресей «Экономикалық ынтымақтастықты қайтадан жандандыру үшін қатты жұмыстану» керектігін білдірді. Кездесуді Путин «көркейтуші» және «адал» деп атап өткеннен кейін «Елдеріміз екі жақты қатынастарды қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті мүмкіндіктерге ие» деді. Ердоған да «Қатынастарымызды ұшақ дағдарысынан бұрынғы деңгейден де асыра түсуіміз керек,  екі жақ та табанды» деді.

BBC   болса Түркияның терроризммен күрес туралы хабарына орын берген. Еуроодақ істері жөніндегі министр Өмер Челик Еуроодақ түрік азаматтарына виза еркіндігін берсе де, Түркиядан сұралған терроризммен күрес заңындағы өзгерістің қысқа уақытта енгізілмейтінін білдірді.  Челик ағылшын «Financial Times» газетінің сұрақтарына жауап берді. Хабарға қарағанда,  министр Челик мұның төңкеріс жасау әрекеті болғандықтан қысқа мерзімде мүмкін еместігін айтты. Министр Челик Түркияның террормен күрес заңдарын еуропалық серіктерімен талқылауға ашық екенін және ұзын мерзімде реформалар жасауға уәде беретінін білдірді. «Шабуыл жасап жатқан PKK, ДАИШ және басқа да топтар бар.  Сондықтан терроризммен байланысты заң өзгерісін енгізу дұрыс болмайды» деді ол.

Германиядан шығатын «Deutsche Welle» Германия Сыртқы істер министрі Штайнмайердің сөздеріне орын берген. Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер Түркияны сынаған кезде мөлшермен сынау керектігін айтты.  Штайнмайер Бильд газетіне берген сұхбатында Түркияда төңкеріс жасауға тырысқандардың халық пен мәжіліске аяусыз шабуылдағанын еске салды және Анкараның қазіргі ұстанымын сынағанда осыны ұмытпау керектігін айтты. Германия сыртқы істер министрі Түркия мен Еуроодақ арасында келісілген босқын келісімі аясында талап етілген азаматтарына визасыз саяхат мүмкіндігін беру талабына да тоқталды.  Штайнмайер «Виза еркіндігі тек мұның қажетті шарттарын орындағанда ғана мүмкін» деді.

Ресейдің Спутник органы да «Түркия Рио олимпиадасындағы бірінші медалін алды» деген хабар жариялаған.  Бразилияда өтіп жатқан 2016 Рио Олимпиадасында ұлттық зіл темірші Данияр Исмаилов ерлер 69 келіде күміс медаль алды.  Осылайша Түркия Олимпиада ойындарындағы алғашқы медалін алды. 



Ұқсас жаңалықтар