Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркия жаңалықтарына орын берген.

543964
Әлем баспасөзіне шолу

Еуропаның медиа органы «Еuro news» президент Ердоғанның «Өкінішке орай, батыс террорға қолдау беріп отыр» деген сөздерін тақырып қылған.

Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Фетуллахшы террор ұйымы параллель мемлекеттік құрылымның 15 шілде күнгі төңкеріс жасау әрекетіне байланысты «Актерлер іште,  сценарий сыртта жазылған бір әрекет» деу арқылы тағы бір рет батыстық одақтастарын меңзеді.  «Біз қандай стратегиялық серікпіз,  мен сізден Ұлттық Қауіпсіздік стратегия құжатына енген бір тұлғаны сұрап отырмын.  Сіз әлі күнге оны еліңізде жасырып отырсыңдар. Батыс террорға қолдау беріп отыр ма? Жоқ па? Батыс демократияны қолдай ма, төңкерістерді қолдай ма? Өкінішке орай бұл батыс террорға қолдау береді. Төңкерістердің жанында» деді.

Әзірбайжанның «Trend new agency» агенттігі «Фетуллах Гүленнің қайтарылуы проблемасы Түрік және Америка қатынастарына кедергі болмауы керек» деген тақырып қолданған. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің сыртқы істер комитеті мүшелерінен тұратын бір делегация Фетуллахшы террор ұйымының төңкеріс жасау әрекеті және одан кейінгі Түркияда болған оқиғаларды түсіндіру үшін Америка Құрама Штаттарына барды.  Осында Әділет және Сыртқы істер министрліктерінде кездесу жүргізді. Комитет төрағасы Таха Өзхан кездесулерде төңкеріс жасау әрекеті және ұйым басшысы Гүленнің қайтарылуы тақырыбының қолға алынғанын білдірді. АҚШ жағының Түркиямен ынтымақтастыққа ашық екенін тілге тиек еткен Өзхан Фетуллах Гүленнің қайтарылуы проблемасының екі ел қарым-қатынастарын кепілге алмауы керектігін айтқандарын білдірді.

Катардан хабар тарататын Әл-Жазира «Еуропа, Ердоғанды қорға» деген тақырып қолданған. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Бильдт Еуропа елдерінің Түркиядағы төңкеріс әрекетіне үндемей қалғанын сынады.  Бильдт «Еуропа, Ердоған үшін орныңнан тұр» деген мақаласында «Еуропа төңкеріс ұғымының өзімен күресу тақырыбына көзқарасын өзгертпесе,  моральдық мінсіздігінен айрылып қалу қаупімен бетпе-бет деген сөз» деп жазды.

Иранның мемлекеттік ақпарат агенттігі İRNA «Иранның Түркиядағы оқиғаларға деген ұстанымы мақтарлықтай» деген хабарға орын берген.  Түркияның Мешхедтегі консулы Мехмет Доған Иранның Түркиядағы соңғы жағдайға байланысты ұстанымының мақтарлықтай екенін айтты. Иранның Түркияның досы ретінде соңғы оқиғаларда Түркия мемлекеті мен ұлтының жанында болғанын атап көрсеткен консул «Эмбарголар кезінде Түркия одақтастарына қарамастан Иранның жанында болды. Бүгін де Иран Түркия проблемаларында біздің жанымызда. Бұл екі мемлекет пен ұлттың достығының көрсеткіші» деді.



Ұқсас жаңалықтар