Әлем баспасөзіне шолу

Шетел баспасөзі Түркиядағы оқиғаларға кең орын берген.

533390
Әлем баспасөзіне шолу

АҚШ-тан шығатын VOA «Обама мен Ердоған телефонда сөйлесті» деген хабар жариялаған.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Барак Обама Түркиядағы төңкеріс әрекетіне байланысты сөйлесті.  Ақ Үйден жарияланған жазбаша мәлімдемеде Обаманың әңгімеде «Түркияның демократиялық әдіспен сайланған азаматтық үкіметін күш қолдану арқылы төңкеру бастамасын айыптағаны және түрік демократиясына қолдау білдіргені» атап көрсетілді.  Мәлімдемеде «Президент Обаманың түрік халқының осы күш қолдануға қарсы табанды ұстанымы мен демократияға деген тәуелділігін мақтағаны» айтылды.  Мәлімдемеге қарағанда Обама президент Ердоғанға Америка ретінде төңкеріс әрекетіне байланысты тергеуде түрік лауазымды тұлғаларына көмек беруге дайын екенін жеткізді.

Ресейдің Риа Новости газеті «Түркия премьер-министрі азаматтарға арандатушылыққа бармауларын ескертті» деген хабарға орын берген.  Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым елінің азаматтарына төңкеріс әрекетінен кейін елде тұрақтылықты бұзу мақсатымен жағдайдан пайдалануға дайын адамдардың арандатушылықтарына алданбауға шақыру тастады.  Йылдырым Анкарада журналистермен өткен кездесуінде «Мұқият болуымыз керек.  Осы опасыз төңкеріс бастамасынан кейін елде жағдайда қалпына келтіретін кезде,  жағдай мен шарттарды өзінің мүддесі үшін қолдануға тырысатын арандатушылар болуы мүмкін» деді.

Ұлыбританиядан ақпарат агенттігі AP : «Түркияның төңкерістің барлық элементтерін жойғанын айтуда» деген хабар жариялаған.  Түркияның  әскери қолбасшылығы жұма күні кешке болған әрекетке жауапты барлық элементтердің ықпалсыз жағдайға келтірілгенін білдірді.  Бас штаб басқармасы мәлімдемесінде ел көлемінде бүкіл террор элементтерінің жексенбі күні сағат 16,00-ден бастап толығымен бастырылғаны айтылды.

Қытайдың Халықаралық радиосы «АҚШ пен Түркия Қорғаныс министрлері арасында телефон әңгімесі болды» деген хабарға орын берген.

АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер түрік әріптесі Фикри Ышыкпен телефонда сөйлесті.  Пентагонның жазбаша мәлімдемесінде Картердің бүгін түрік әріптесі Ышыкпен телефон арқылы сөйлескен айтылды. Хабарға қарағанда Картер Түркияның демократиялық жолмен сайланған азаматтық үкіметін қолдайтынын білдірді.  Министр Ышык та Түркияның ДАИШ және терроризмнің барлық түрімен күресте табанды және мықты ортақ, әрі одақтас болуын жалғастыратынын айтты.  Мәлімдемеде екі министрдің Инжирлик базасынан жүргізілген ДАИШ операцияларының маңызын қолға алғандары айтылды. Министр Ышык ДАИШ-пен күреске қатысқан кейбір елдердің қорғаныс министрлерінің АҚШ-тағы жиналысына өзінің қатыса алмайтынын білдірді. Картер мен Ышык алдағы күндерде байланыста болатындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар