Әлем баспасөзіне шолу

Бүгінгі әлем баспасөзі Стамбұл Ататүрік әуежайындағы террор шабуылдарына кең орын берген.

520634
Әлем баспасөзіне шолу

Катардың Әл-Жазира телеарнасы Ердоғанның «Халықаралық қоғам террор ұйымдарының жоспарларына қарсы тұрақты бір ұстаным ортаға қою керек» деген сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Стамбұлда жасалған террор шабуылын қатаң түрде айыптады. Ердоған аталмыш шабуыл жайлы «Жазықсыз адамдардың төгілген қаны үстінен Түркияға қарсы халықаралық бір шара жүргізілмек» деді. Сондай-ақ барлық әлем мемлекеттерінен «террор ұйымдарының жоспарларына» қарсы тұрақты бір ұстаным ортаға қоюын талап еткен Ердоған Түркияның террор ұйымдарының алдын алу үшін қажетті мүмкіншілік пен күшке ауыр шығындарға ұшыраса да ие екенін атап көрсетті. Түркия президенті халықаралық қоғам террормен күрес тақырыбында ынтымақтастық жасамаған жағдайда, террор ұйымдарының бүкіл әлемге тарай алатынын ескертті.

Францияның AFP хабар агенттігі премьер-министр Бинали Йылдырымның «Әуежайдағы шабуылда 36 адам қаза тапты. Дәлелдер ДАИШ-ті көрсетуде» деген сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Түркия премьер-министрі сейсенбі күні кешкі уақытта халықаралық Стамбұл Ататүрік әуежайында жасалған 3 бөлек жанкешті шабуылдаараларында шетелдіктер де бар 36 адамның қаза тапқанын жариялап, ДАИШ-ке назар аударды. Бинали Йылдырым оқиға орнында жасаған баспасөз мәлімдемесінде «Соңғы мағлұматтарға қарағанда 36 адам қаза тапты» деді және іздердің ДАИШ-ті көрсеткенін атап айтты. Премьер-министр «көптеген жаралы» бар екенін атап санын айтпады. Йылдырым кім екенін және азаматтығын айтпаған 3 жанкештінің өздерін жарып жібермей тұрғанда, Калашников автоматымен жан-жаққа оқ жаудырғанын атап айтты. Премьер-министр әуе қатынасының жергілікті уақытпен 03.00-тен бастап қайта ашылғанын да білдірді.

ГерманияныңDPA хабар агенттігі «Меркель Стамбұлдағы шабылдың артынан Түркияға көңіл айтты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германия канцлері Ангела МеркельСтамбұл Ататүрік әуежайындағы құрбандарға көңіл айтты. Меркель жасаған мәлімдемеде «Жаң және опасыз түрде жасалған лаңкестік шабуыл себепті» шошығанын атап айтты. Канцлер сондай-ақ түріктермен ынтымақтастық жасап, «Осыдан бүкіл түрік халқына террорға қарсы соғыста ынтымақтастықпен бірге қозғалатынымызды айтқым келеді» деді. Неміс Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі болса «Жарылыстарда немістерге зиян келгені жайлы кезкелген бір ақпарат келмеді» деді.

Иранның «Мехр» хабер агенттігі Сыртқы істер министрі Джевад Зарифтің «Терроризм халықаралық бір қауіп» деген сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда Иран сыртқы істер министрі Ататүрік әуежайына кеше кешкі уақытта жасалғаншабуылды айыптап, терроризмнің халықаралық бір қауіп екенін және баршаның осымен ортақ күресу керектігін атап көрсетті. Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрі Мұхаммет Джевад Зариф азанда Стамбұлдағы әуежайына бағытталған террор шабуылына наразылық көрсетті және «террордың қанды жүзін» көрсеткенін айтты. Зариф әлеуметтік желі арқылы «Террордың қанды жүзі дос және көрші елдің әуежайында тағы бір рет өзін көрсетті. Радикализмді жақтаушы қақтығыстар халықаралық бір қауіп болып табылады және осымен баршаның күресуі керек. Түрік полициясына қарағанда, алғашқы дәлелдер жарылысты ДАИШ жасағанын көрсетеді» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар