Әлем баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

515959
Әлем баспасөзіне шолу

Ресей хабар порталы Спутник Еуроодақ министрі Өмер Челиктің «Еуроодаққа мүше болмаса да, Түркия үлкен бір Еуроодақ демократиясы» деген сөздерін тақырып қылған. Хабарға қарағанда Еуроодақ министрі және Бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик Еуроодақ мүшесі болмасада, Түркияның үлкен бір Еуропа демократиясы екенін атап айтты. Италияда Сыртқы істер министрі Пауло Гентилонимен министрлік ғимараты Фарнесияда шамамен 1,5 сағат оңаша кездескен Челик Түркияның Сирия және Ирак сияқты тұрақсыз аймақтармен шамамен мың 292 шақырымдық шекараға ие екендерін, бұл мәселемен жалғыз күрескенін атап айтты. Министр Челик тарихтағы ең үлкен дағдарыстардың бірі ретінде көш толқыны Түркия мен Еуроодақ арасында жасалған босқын дағдарысы жайлы келісіммен ортақ басқарғанын еске салып, «Ортақ бір механизм құрып, ортақ ақыл және ортақ жобалармен »өте үлкен бір табысқа қол таңба қалдырдық. Өзара келісімдермен өткен қазан айында 7 мың адам Еуропаға өтіп жатқанда, қазір 20 не 30 адам өтуде. Ең жақсы хабар да мамыр айында ешкімнің қаза таппауы» деді.

Катардың трансляция мекемесі «EL JAZEERA» «Эйфель мұнарасы үшінші рет түрік байрағы түстеріне боялды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда«Euro 2016» аясында үшінші матчында Ланс қаласында Чех Республикасымен көгалға шыққан түрік құрамасының твиттерде #TUR этикеткасында ең көп қолдауды алған соң Эйфель мұнарасын 15 минут бойынша Түрік жалауының қызы мен ақ түстеріне жарықтандырды.   Мұнараның шыңында ілулі допқа болса ай жұлдыз символды сәулені түсірілді.

Эйфель мұнарасы EURO 2016 аяқталғанша әлеуметтік медиа платформасы ретінде твиттерде жүргізілген сауалнамамен соңғы матч аяқталғаннан 10 минут өткен соң  күн сайын көгалға шыққан құрамалар арасынан ең көп қолдау алған ел құрамасының түстерімен жарықтандырады. Акция басталған күннен бері жалпы 1-ші орынды жалғастырған түрік құрамасы 21,4 пайыз қолдаумен орнын сақтады. Түркия кеше ойналған матчтар арасында ең көп дауыс жинаған құрама ретінде 26,8 пайыздық қолдауға қол жеткізді.

Әзірбайжанның хабар парақшасы TREND NEW AGEANCY «Құрамамыз бізді ұятқа қалдырмады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Жастар және спорт министрі Акиф Чағатай Кылыч ұлттық құраманың Чех Республикасымен ойнаған және 2-0 есебімен жеңіске жеткенматчтың артынан құраманың демалу залына барып жаттықтырушы Фатих Терим мен футболшыларды құттықтады. Министр Кылыч «Біз ұлттық құрамаға сендік. Олар да бізді ұятқа қалдырмады» деді.

АҚШ хабар порталы «TURKİSHNY» «Оңтүстік Кипр Түркияның өрт сөндіру ұсынысын қабылдады» атты хабар жариялады. Хабарға қарағанда Кипр Понти Әкімшілігі Оңтүстікте 3 күннен бері жалғасқанжәне бақылауға алынбаған орман өрттерің тақырыбында Түркия ұсынған жәрдем қолын қабылдағанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар