Ислам дінін үйренейік-12

Ислам түсінігі бойынша дүние өмірі өте маңызды.

459803
Ислам дінін үйренейік-12

Ислам діні адам өмірін «жақын өмір» мағынасындағы өтпелі дүние өмірі мен «кейінгі өмір» мағынасындағы мәңгілік болған ақырет өмірі ретінде екіге бөледі. Алайда екеуін бір-бірінен түбегейлі түрде тәуелсіз деп ойламай, екеуінің арасын байланыстырады және арасында тепе-теңдік құрады. Тек өлімнен бұрынғы бір өмірдің тілге тиек етілмейтіні сияқты, шындыққа көздерін жұмған, дүние өмірінен аулақ тұрған және дүние өмірінің ақыретінің дайындық орны болған шындығына немқұрайды қараған бір өмір де тілге тиек етілмейді.

Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары-«дүние» және «адам».Олар ажырамас бірлікте. Яғни, адамнан бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниетанымды құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясын, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар аумағын кеңейтеді. Адам мен дүние ара-қатынастары бір-- бірімен жаңа байланыста қаралған сайын, сыртқы материалдық әлем және ішкі рухани дүние туралы түсініктер тиянақталады.

Құран Кәрім Исламның дүние және ақырет өміріне деген көзқарасы және екеуі арасындағы байланысты көптеген аятта ерекше атап өтеді. Жалпы алғанда Исламның материалистік ілім бойынша тек әлемді немесе әлемді тастап кеткен бір рухты алдыға шығармағаны, дәл бір орта жолды таңдағаны байқалуда. Бір аятта «Алла саған тарту еткен осы байлықты мәңгілік ақырет мекеніне жұмсауға тырыс. Бірақ дүниеден алатын нәсібіңді ұмытпа. Алла саған сыйлағандарды адамдарға да жақсылық ет» деп бұйырады. Аят алдымен ақырет бақыты үшін жұмыс істеу екенін білдірсе, енді бір жағынан да дүниені ұмытпауға, Алланың берген нығметтерінен басқа адамдарға да беріп, дүниенің тіпті жақсы өмір сүруге болатын жағдайға келуін насихат етуді.

Ислам түсінігі бойынша дүние өмірі өте маңызды. Мысалы, мәңгі-бақи болған ақырет өмірінің тірегі-- дүние. Дүние адамның өмір-тіршілігіне қарай жақсы немесе жаман болып бөлінеді. Адам ақыретте тек осы дүниедегі кезінде жасағандарының қарымжысын алады. Адамның осы дүниеде жасаған кішкентай жақсылығының немесе жамандығының қарымжысы ақыретте алдына шығады. Халық арасында кең тараған «Дүние--ақыреттің атызы» деген нақыл сөз осы шындықты толық бейнелеуде. Осы бойынша жаннат адамның тұқымын осы дүниедегі кезінде еккен бақшасы, ал тозақ болса отын осы дүниеден апарған бір өрт орны.

Исламның дүние өмірі көзқарасында маңызды бір нәрсе де--дүниенің бір емтихан орны болуы. Дүние Алланың құлдық ету үшін жаратылған адамның жарату мақсатына қаншама қызмет еткенінің, қимылының, қалай әрекет еткенінің және кімнің тамаша іс-шаралар жасағанының жарыққа шыққан бір емтихан алаңы. Құранда «Жаратушы Алла кімнің тіпті тамаша жасайтынын сынау үшін өлім және өмірді жаратты. Ол, үстем және кешірімшіл» деп бұйырып, осы тақырыпты түсіндіреді. Адамдан осы дүниедегі іс-әрекетін сынап, иман еткендердің көрсеткен үстем ахлақы арқылы жаннатқа жақындағандары, ал қабылмағандардың жасаған жаман әрекеттерімен тозаққа жақындағандары жарыққа шығуда.

Құран Кәрім және хадистерге қарағанымызда, ақыретке шоғырланбаған, тек дүние үшін өмір сүрген мұсылмандардың айыпталғаны байқалуда. Осындай бір дүние өмірі адамды Алланы еске алудан, жаратылыс талпынысынан аулақтатады. Сонымен қатар адамды бір көңіл көтеру,байлық пен бала-шағаларымен орынсыз мақтану, алдатушы және өтпелі пани бір бұйымдар үшін ынталандырады. Сонымен қоймай адамды даңдайсуға, өз құндылықтарын жоюға апарып соғады. Аяттарда жаман деп қаралған және айыпталған байлық, ұрпақ және тағы басқа дүние нығметтері емес, адамның тек қана бұларға қатты көңіл бөліп, дүние тіршілігімен айналысып ақыретті ұмытуы болып табылады. Бұл--мүлде дүние құмарлық. Әзірет Пайғамбар мұндай бір дүние өмірінің Алла құзырында бір шыбыннан тіпті де құнсыз екенін білдірген. Басқа бір хадисте де Әзірет Пайғамбар дүние және ақырет өмірін теңіздің алдындағы бір тамшы суға теңейді. Сондықтан екі өмірге де бірдей деңгейде көңіл бөліп, дүние мен ақырет өмірі арасында тепе-теңдік құруға болмайды. Керісінше тепе-теңдік дүниеге де және ақыретке де іс-әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады.

Әзірет Пайғамбар берілген рызықтың адамдарға сөзсіз түрде жеткізілетінін баяндап, дүние талабында орта жолдың таңдалуын, арамдардан аулақ болып, халалдардың алынуын насихаттайды. Басқа бір хадисте де «Дүниеге қызықпау дегендік, адамның халал болған нәрселерді өзіне арам қылу немесе мал-мүлкін таратып тауысу дегендік емес. Дүниеге қызықпау дегендік қолында болған нәрсеге Алла құзырында тіпті сену дегендік» деп бұйырып, дүние-ақырет тепе-теңдігінің қалай жүзеге асырылатынын көрсеткен.

Мұсылманға жарасатын--дүниеге құмар болу емес, мәңгі-бақи болған ақырет үшін жұмыс істеу және үздіксіз талпыну.



Ұқсас жаңалықтар