Ислам дінін үйренейік-11

Құран Кәрім--Ислам дініндегі негізгі киелі кітап.

458245
Ислам дінін үйренейік-11

Жаратушы Алла жіберген кітаптарында адам баласының тұрмысын ретке салған іргетастар бар екенін білдірілген. Осы іргетастар адамның осы дүниеде және ақырет күнінде бақытты болуына бағыт көрсетеді. Құран Кәрім Алланың осы мақсатпен адам баласына жіберген соңғы иллахи кітабы және Әзірет Мұхаммедтің сөзі болып табылады.

Ислам ғалымдары Құран Кәрімді былай түсіндіреді: Құран Кәрім--Ислам дініндегі негізгі киелі кітап. Мұсылмандар оның Мұхаммед пайғамбарға ақиқатты баян ету үшін түсірілгендігіне, адамзатқа одан үзілместен жеткен Алланың сөзі екендігіне сеніп, иман келтіреді. Құран Кәрім--Фатиха сүресімен басталып, Нас сүресімен аяқталатын, Оқуының өзі бір ғибадат болған, 6,236 аят және 114 сүреден құралған Алланың кереметі болған кітаптың аты.

Әзірет Пайғамбар «Әрбір пайғамбарға сөзсіз түрде иман етілген кереметтер берілген. Маған берілген керемет те Алланың уахи еткен Құран Кәрім болып табылады» деп бұйырады. Құран Кәрім түсірілгеннен бастап барша мұсылманға қатты ықпалын тигізген.

Құран Кәрім араб әдебиетінің өркендеген дәуірінде түсірілген. Жаратушы Алла сенбегендерді «Құран Кәрімнің жалғыз бір ғана сүресінің ұқсасын» әкелуге шақырған, бірақ олар жасай алмады. Осы таңға дейін ешкім бір ұқсасын жаза алмады. Бұл жағдай оның ғажайып құдіретінің нәтижесі болып табылады. Ұлы жаратушы Алла осы тақырыпта соңғы сөзін мына аят арқылы айтады. «Барлық адам мен жындар барлығы жиналып, Құран Кәрімнің ұқсасын жазуға қаншама тырысса да, ұқсасын жасай алмайды».

Алланың сөзі және кітабы болған Құран Кәрім түрлі аятта өзін былай түсіндіреді: Ол «сөздердің інжу маржаны». Мұсылмандар мықты ұстаған «Алланың арқаны», «Мызғымас кілті». Шипаның қайнары, бақыт пен мейірімділіктің дәнекері. «Адамдар үшін бір насихат және тура жол». Әзірет Пайғамбар осыларды мақұл көру мағынасында «Сөздердің ең турасы, Алланың ғажайып кереметі, жол көрсетудің ең тамашасы болса Мұхаммедтің көрсеткен жолы» деп бұйырады.

Әзірет Мұхаммед Құран Кәрімді 23 жылдық мерзімде өзіне келгені бойынша аяттар мен сүрелерді адам баласына жеткізеді және хатшыларына жаздырып, жаттап алуын қамтамасыз етеді. Әзірет Пайғамбар дәуірінде түрлі бұйымдар үстіне жазылған аяттар халифа Әбу Бәкір дәуірінде жиналып, кітапқа айналады және Әзірет Осман дәуірінде көбейтіледі. Әзірет Пайғамбардан осы таңға дейін жазбаша және жатқа үзілместен жалғасып келген Құран Кәрім қасиетті мәтіндер ішінде Алладан келген қалпы бойынша сақталған жалғыз кітап болып табылады. Осы жөнінде бір аятта «Ол кітапты біз түсірдік және Оның қорғаушысы де әрине біз боламыз» деп бұйырады.

Құран алдымен адамдарға Алланы білуге және Оған сенуге шақырады. Ислам дінінің сенім, ғибадат, ахлақ және құқықпен байланысты үкімдері осы кітапта білдірілген. Құран Алланың бірлігінен, құдіретінен, ақыреттен, жаннаттан және тозақтан сөз қозғайды. Адамның ақыл-ойына арналады. Адамды өзінің жаратылуы және жаратушы арасындағы үйлесімділікке шақырады. Адамның нәпсісін тежей алмайтынын еске салады. Бір аятта былай дейді: «Осы аяттарды ойласын және ақыл иелері сабақ алсын деп сендерге түсірілген мүбәрак бір кітап» деп бұйырады.

Мұсылмандардың сенімі бойынша әрбір адам Құранға мұқтаж; мұсылманның жүрегі Құранмен өмір сүреді, көзі нұрланып, тура жолға ілеседі. Мұсылманның бүкіл өмірі осы Кітаппен байланысты: оның сенімі одан сусындайды, ол Алла разы болатын ғибадаттарды содан біледі, қарым-қатынас пен мінез-құлықтағы тура жолды білуге керек болған нәрселерді содан алады, кімде-кім тура жолды бұл Кітаптан іздемесе, оның өмірі, болашағы мен ақыретте баратын жері құрдымға айналады, надандық пен адасудың зұлыматына ұшырайды.

Құранда Алланың мүміндеріне парыз қылған ғибадат және амалдар арқылы арам қылған әрекеттер үнемі түсіндіріледі. Құран Алланың бірлігі принцибі негізінде әділетті және ахлақты болуды талап етеді. Сондай-ақ жауапкершілікпен әрекет еткен бір адам және қауымды қалыптастыруды нысанаға алады. Әзірет Пайғамбар осыны меңзеп, «Құранды оқып, оның бұйырғандарын орындаған адам кемелді періштелермен бірге болады».

Пайғамбар Құранды оқыған мұсылманды әрі иісі керемет, әрі дәмі тәтті жеміске ұқсатады. «Құранды үйренген және үйреткен адам ең қайырлы жұмыс істеген болады» деп бұйырып, үмметін Құранды оқуларына ынталандырады. Ес-ақылында Құраннан ешбір нәрсе жоқ адамды «құлап күйреген бір үйге» теңеп ескерту жасаған.

Қысқаша айтқанда Құран мұсылмандарға тура жол көрсетеді.



Ұқсас жаңалықтар