Ислам дінін үйренейік-7

Алла тағала адамды әлемде жалғыз тастамаған.

436191
Ислам дінін үйренейік-7

Алла тағала адамды әлемде жалғыз тастамаған. Елші ретінде пайғамбарларды жіберген. Пайғамбарлар арқылы кітаптар түсіріп, оларды бақытты тұрмысқа жеткізуді мақсат еткен. Адам ақыл иесі бір болмыс ретінде жаратылған. Адамның көптеген қабілеті бар. Алайда Алланың әмір мен бұйрықтарын білу, хақ пен дұрысты түсіну және Аллаға қалай ғибадат етуді үйрену үшін пайғамбарларға және кітаптарға мұқтажы болған. Алла әрбір дәуірде адамның арасынан таңдап пайғамбарлар жіберіп осы мұқтаждықты қамтамасыз еткен. Құранда «Аллаға шүкір етіңдер, әрбір үммет Аллаға құлдық жасаңдар, шектен аспаңдар деп пайғамбар жібердік» деп бұйырған. Осы арқылы пайғамбарлардың жіберілген себебін ортаға қойған.

Жаратушы Алла адамдар арасынан ең қайырымды пайғамбарлар жіберіп, адамдардың құлдықтарының міндетін орындамаулары жөнінде сылтауларын күшінен қалдырған. Сүйінші беретін және ескерту жасайтын пайғамбарлар Алланың адамдарға жіберген сыйлықтарының бірі болып табылады. Құранда бұл жөнінде «Аллаға шүкір, мүмміндерге өз іштерінен оларға аяттар оқыған, оларды жаманнан арытып тап-таза жасаған, оларға кітап және хикмет үйреткен бір пайғамбар жіберу арқылы үлкен жақсылық жасаған. Әйтпегенде олар бұдан бұрын бір былықпа ішінде еді» деп бұйырады.

Пайғамбарлық еңбек ету арқылы қол жеткізілетін бір мәртебе емес. Ол Алланың сыйлығы болып табылады. Алла осы міндет үшін сыйлаған құлын әртүрлі жамандықтан қорғайды.

Жаратушы Алла барлық құлдарынан пайғамбарларына иман етулерін талап етуде. Сондықтан пайғамбарларға иман ету--иманның негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман етілумен бірге олардың Алладан әкелген жолдамаларын да қабылдауы және осы бұйрықтарының жасалуы шарт. Елшіні қабылдамау, жібергенін де қабылдамаумен тең. Пайғамбарлар ішінде бөле жарушылық жасаудың бір бөліміне сеніп, бір бөліміне сенбеудің де адамды боқтыққа апаратынын Құранда хабар беруде. Әзірет Пайғамбар(с.а.у.) да бұл жөнінде Құранда пайғамбарлардың тек бір бөлімінен сөз қозғаған. Алайда әр үмметке ескертуші ретінде сөзсіз түрде бір пайғамбар жібергенін білдірген. Адам баласының әлемге келуінен Әзірет Мұхаммедтің жіберілуіне дейін жіберілген барлық пайғамбарлар ортақ дінді, яғни Исламды қабылдаған. Кімге, қай жерде және қашан жіберілсе жіберсін, барлық пайғамбарлардың жолдамасы бірдей болған. Барлығы бір-бірін дұрыстаған, ешбір пайғамбар басқа біреуін теріске шығармаған.

Адамдарды Алланың дініне шақырған пайғамбарлардың негізгі міндеті мен талпыныстары-- оларды тозақтың отынан қорғауға тырысу. Осы жағдайды Әзірет Пайғамбар (с.а.у.) мынадай бір теңеумен баяндаған. «Менің сіздерге байланысты жағдайым жағылған отқа құрт-құмырсқалар түсе бастағанда оларды тосуға тырысқан адамның жағдайымен бірдей. Мен сіздерді оттан құтқару үшін қолдарыңыздан ұстаймын, сендер менің қолымнан құтылып, отқа кіруге ұмтыласыңдар».

Пайғамбарлар басқа адамдарда болмаған өзгешеліктерге ие, кемелді моралы бар өте таңдаулы тұлғалар. Барша адамдарға үлгі бола алатын керемет адамдар болып табылады. Таза рухты және дұрыс жолдан жаңылмайтын ерекше жаратылған адам. Үнемі жақсылық пен игілікке үндеу тастайды. Адал, сенімді, моралды, кінә істемеу және Алладан алған бұйрықтарды үмметтеріне бұлжытпай орындату пайғамбарлардың ортақ ерекшеліктері болып саналады.

Ислам діні бойынша пайғамбарлар--Алланың жолдамасын адамдарға жеткізуге міндетті елші және Алланың құлы. Алланың білгендері тысында басқа ешкім біле алмайды. Алланың рұқсаты мен тартуы болған кереметтер тысында басқа ешқандай нәрсе адамға пайда әкелмейді.

Алла пайғамбарларға пайғамбарлықтың дәлелі болған кейбір кереметтер сыйлаған. Оттың Әзірет Ибрахимді күйдіре алмауы, Әзірет Мұсаның асатаяғының теңізге тигізгенде теңіздің жарылып, оларға жол беруі сынды кереметтер адамдардың көз алдына елестеуде. Осындай ғажайыптарға қарамастан пайғамбарларға сенгісі келмегендер, мазақ қылғандар және зұлмат көрсеткендер болған.

Пайғамбарлар мәдениеттің рухани болмысының негізін құраумен қатар заттық болмыстардың мұрындығы болған. Кейбір өнер және техникаларға жол көрсеткен. Мысалы, Әзірет Ыдырыстың киім тігуі, Әзірет Нұхтың кеме жасауы, Әзірет Дәуіттің темір соғып қару-жарақ жасауы, Әзірет Лоқманның емшілігін атауға болады.

Пайғамбарлардың адамдардан болуы діннің түсіндіруін және тұрмыс-тіршілікті оңайлатады. Өйткені пайғамбарлар діннің бұйрықтарын өздері атқарып көрсеткен.

Дұрыстық пен сенімділік сынды маңызды қасиеттерге пайғамбар үлгі болған. Сондай-ақ жақсы морал түсінігін жүзеге асырған.

Адамдардан бір қарымжы күтпей Алланың ризашылығының ең үлкен сыйлық болғанын ортаға қойған.

Әзірет Якубтың үміті, Әзірет Юсуптың төзімділігі, және Әзірет Әйюптың сабырлығымен үмметтеріне және барша адам баласына үлкен сабақ берген.



Ұқсас жаңалықтар