Ислам дінін үйренейік-6

Иллахи кітаптар--Аланың ұлылығын бейнелейтін бір еңбек.

432053
Ислам дінін үйренейік-6

Алланың адамдармен диалогы періштелермен уахи жіберу арқылы жүзеге асырылды. Алланың бұйрықтары кітаптары арқылы адам баласына жеткізілді. Алла өз кітаптарымен адам баласына тура жолды көрсеткен. Құқықтарын, міндеттерін білдірген. Киелі кітаптар Алланың қасиетті заңдары болып табылады. Сондықтан Алланың адам баласына жіберген ең маңызды сыйлығы осы.

Өз жолдамасын адам баласына жеткізу үшін Жаратушы Алланың пайғамбарларына жіберген иллахи кітаптардың барлығына иман ету-иманның негіздерінің бірі болып табылады.

Кітаптарға иман--Алланың айтқанының дұрыстығына иман ету дегендік.

Кітаптарға, Алланың адамдар арасынан таңдаған пайғамбарларының бір бөліміне кітаптар жібергеніне, осы кітаптарды ұнатып, ақыретке жететіндеріне сенуді қамтитын бір ұғым.

Жалпы жаратылыс, мына болмыс әлемі адам баласына Ұлы Жаратушыны танытатын кітап ретінде жаратылса, пайғамбарларға уахи арқылы жеткен барлық парақтар мен кітаптар да Ұлы Құдіретті қатесіз тануымыз үшін жіберілген. Сондай-ақ адамзатқа мына дүниедегі негізгі міндетін түсіндіріп, ақ қараның ара жігін айқындап, екі дүниенің бақытын сыйлау үшін түсірілген. Міне, Алла Тағала тарапынан келген барлық осы кітаптарға сену Ислам дінінде иманның негіздерінен бірі саналады. Құранда: «Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман келтірмесе, қатты адасады...»-делінген.

Иллахи кітаптар--Аланың ұлылығын бейнелейтін бір еңбек. Пайғамбарларға уахи арқылы білдірген жолдамасының нақтылы түрі. Пайғамбарларына түсірілген кітаптарға иллахи кітап деп айтудың себебі бұлардың Алла тарапынан жіберілуі, сондай-ақ сөз және мағыналық жағынан адам баласына қаратуы. Барлық иллахи кітаптар Алланың сөзі болып саналады. Қайнарлары және жолдаманың мағынасы тұрғысынан ұқсамас болмаумен қатар Құран Кәрімнің тысындағы кітаптардың адам тарапынан өзгертілгенін де атап өткеніміз жөн. Құран Алладан келген күйімен өз қалпын сақтаған және қияметке дейін қорғалатыны білдірілген.

Алланың кітаптары Оның сөздерінің әріп және парақтарына жазылған қалпы болып табылады. Сондықтан Оның кітаптары сөздерінің ең маржаны. Әзірет Пайғамбар «Алланың сөздерін басқа сөздерден үстем, Алланың жаратқандарының үстеміндей» деп бұйырады.

Басқа бір хадисте де «Алланың сөзінен құнды ешбір сөз жоқ. Құлдар да Аллаға, өз сөзінен тіпті тамаша сөздер таба алмайды» деп бұйырып, Алланың жаратқанының ұлылығын, оның теңдесінің жоқтығын паш еткен.

Жаратушы Алла жіберген кітаптарда адамның Раббын дұрыс танып, Оған құлдық жасауды қамтамасыз ететін ескертулерге талай рет орын берген. Сенім және ғибадаттарға байланысты тақырыптар моралды жауапкершіліктер, өткен үмметтерінің тәжірибелері, дүние тіршілігі үшін маңызды дәстүрлер және ақырет күні сынды тақырыптар иллахи кітаптардың мазмұнын құрайды. Алла иллахи кітаптарында белгілеген негіздер арқылы дүние мен ақыретте бақытқа жете алу үшін адамдарға жол көрсеткен.

Ұлы Жаратушымыз әр түрлі мекендер мен уақыттарда түрлі-түрлі қауымдарға өзінің бұйрықтары мен тыйымдарын қамтыған және сол қоғамның сана деңгейіне сай керекті мәліметтерді жеткізетін, жеке тұлғалық, қоғамдық проблемаларының шешімдерін баяндап, өз араларында әділдікті орнататын парақтар мен кітаптар жіберген. Парақтардың нақты саны бізге беймәлім. Ал, Құран Кәрімде білдірілген жалпы кітаптың саны төртеу: Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран. Біз, мұсылмандар, бұл төрт кітаптың барлығының Алла тарапынан адам баласына тура жолды көрсету үшін жіберілгендігіне кәміл сенеміз. Алайда соңғы кітап Құранның алдындағы үш кітап заман өте келе адамдар тарапынан әр түрлі әдейі өзгертулер мен бұрмалауға ұшырағандықтан, оларды негізге алып амал етпейміз.

Құран араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді. Құран--Ұлы Жаратушының ақыретке дейін келіп-кетер барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсірілген, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік иллаһи кітап. Құран – өзіне дейінгі түскен барлық парақтар мен кітаптардың мазмұнын қамтыған. Құран--санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныстарына жауап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі әлемдік барлық проблемаларына қатесіз толық шешім беретін, адамның санасы жете бермейтін көмескі әлемді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын, екі дүниенің бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара жігін ажыратып, өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдікке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген қасиетті соңғы кітап.

Иллахи кітаптар жіберілген хикметтер қорытынды ретінде төмендегідей:

Иллахи кітаптар адамдар үшін бірер жол көрсетуші шырақ. Аллаға құлдық, табиғатпен қарым-қатынас және адамдармен бірге өмір сүрудің қағидалары осы кітапта жазылған.

Алланың хикметтерін осы кітаптың арқасында үйренуге болады. Бұл кітаптар болмаса, адамдар өмір тіршілігін жүйеге салатын принциптерден мақрұм қалады. Хикметтен, жауапкершіліктерден, міндеттерінен және ақырет күніне тән мағлұматтан хабарсыз болады.

Кітаптарда орын алған жолдамалар және насихаттар адам өз қабілетімен байқай алмайтын нәрселер болып табылады. Адам өзі туралы ең жақсы және жаман болған жұмыстарды өз нәпсісімен тежеуді білмейді. Иллахи кітаптар арқылы адамдар өзінің нәпсісін тежей алады.

Иллахи кітаптар адамдар ішінен таңдалған бір пайғамбар арқылы түсірілген және иллахи бұйрықтар ретінде олар тарапынан атқарылған. Осы да кітаптардағы үкімдердің атқаруға болатынын паш етуде.

Кітаптар пайғамбардан кейін де оқылатын қайнар көз болып табылады. Олар арқылы адамдар Алланың дінінен хабардар болады. Жеке адам мен барша қауым одан рухани күш алады.



Ұқсас жаңалықтар