Ислам дінін үйренейік-2

Мұсылманның ерекшеліктерін баяндауға тырысамыз.

426191
Ислам дінін үйренейік-2
Бүгін «мұсылман» терминіне тоқталамыз. Құран және Әзірет Пайғамбардың «мұсылманды» қалай білетінін түсіндіреміз. Мұсылманның ерекшеліктерін баяндауға тырысамыз.
Мұсылман «Алладан басқа ешбір Тәңір жоқтығына; Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың құлы, әрі елшісі болғандығына; періштелерге; кітаптарына; Пайғамбарларға; жақсылық пен жамандық бір Алладан екендігіне; қиямет күніне; өлгеннен кейін қайта тірілуге» сенген адам.
Дінін ұстанатын, яғни жаны да, тілі де, тәні де таза адамды мұсылман деп атайды. Сондықтан мұсылман иманын тек жүректен мойындап, тілмен қабылдау ғана емес, іс-қимылдарымен тұрмыс тіршіліктеріне айналдырған адам.
Ислам дінінің аты Алла тарапынан берілгендіктен Мұсылманның атын да бізге Алла берген. Құранда баяндалған.
Құран Кәрімнің мұсылмандардың ерекшеліктерінен сөз қозғаған аяттарына қарағанда жақсы бір мұсылманның қалай болатынын көреміз. Мұсылманда болуы керек өзгешеліктермен байланысты аяттар арқылы былай қорытындылауға болады.
Мұсылман тек Аллаға ғана ғибадат қылады, тек жаратушы иеден ғана сұрайды, содан ғана қорқады. Алланы аузына көп алады, Аллаға сенеді. Мұсылмандар бес уақыт намаз қылады, ғибадатта мықты болады. Зекет береді. Өздеріне рызық ретінде берілген малдарына мұқтаж болғандарды біледі. Осыған қарай жұмыс істейді. Молдық кезінде де, қиыншылық кезінде де мал-мүліктерін Алла үшін жұмсайды. Хадис шәриптерде былай делінген:
«Мұқтаждықтары себебімен маған келгендерге сендер де жәрдемші болыңдар! Мен орындалуын қалаған нәрселерімді сендердің де себепші болып сауап алуларың үшін біраз кешіктіремін.»
Шын мұсылман--ең алдымен, рухани таза адам, ол ешкімге жаманшылық ойламайды, біреудің ала жібін аттамайды, мұсылманшылық парызын бұлжытпай орындайды. Аманат пен уәделерде адал болады. Куәгерлікті дұрыс орындайды. Олар бос және пайдасыз нәрселерден аулақ тұрады. Шегінен аспайды, сабыр етеді, албаты бас көтермейді. Ашуын ішіне сіңдіреді. Адамдарға кешірімділік жасайды. Ысырап жасамайды. Сараңдық істемейді. Өздеріне Алланың аяттарын еске салғанда соқыр және саңырау сынды әрекет жасамайды, жүректері Алла үшін дүрсілдейді. Әзірет Пайғамбардың хадистерінде де жақсы мұсылманның ерекшелігі баяндалады.
Бір хадисте Пайғамбарымыз мұсылманды «Мұсылман--тіліне, жанына және тәніне ие болған адам» дейді. Пайғамбарымыз мұсылмандар, тіпті, жалғыз жүріп те ешкім көрмесе де күнәлі, яғни қылмысты іске бармайды. Расында да адамзат баласының тәлім-тәрбиесі, сенімі, ұяты, ар-ожданы, ғибадат-ибасы осы рухани бостандықтан туындайды. Ислам діні де рухани байлықтың мызғымас ошағы, сөнбес шамшырағы. Ол адам тәрбиесіне пайда келтіріп, мәдениеттің дамуына жанашыр болып, шындықты уағыздайды.
Мәдениетімізде «Қолыңа, беліңе және тіліңе ие бол» деген сөз тіркесі бар.
Мұсылман жөніндегі басқа бір түсініктемеде Әзірет пайғамбар өзіміз үшін істеген нәрсенің бауырларымыз үшін де істелуін талап еткен. Әйтпегенде кемелді мұсылман бола алмайтынын білдірген. Басқа мұсылмандарды сүюді, оларға көңіл бөлуді, қадірін білуді, олардың сүйінішіне қуанып, мұңына қайғыруды, қысқаша айтқанда «өзімшілдіктен» құтылып, «біз» деген түсінікпен қимыл жасауды кемелді мұсылман ретінде қараған.
Кейбір хадистерде баяндалған мұсылман ерекшеліктері де төмендегідей: Мұсылман сенуге болатын адам. Әр тақырыпта сенім бере алады. Мұсылманның мақсаты жақсы құл болу. Әрбір істе Алла разылығы бар. Жұмысына адал, сөзінде тұратын адам. Құл құқығын жемейді. Тамаша сөз айтып, керемет жұмыс бітіреді. Басқа адамдарға жәрдем береді, қайырымдылық жасайды. Көршілерімен тату-тәтті өтеді. Көршілерін алдамайды. Мұсылмандар даңдайсымайды, қарапайым болады. Жақсылыққа мұрындық болады, жамандыққа жоламайды. Иманды болу адамдардан шынайы адалдықты, еңбекқорлықты, бауырмалдықты, мейірімділік пен қайырымдылықты талап етеді.
Мұсылман иманды болады. Жүрегі таза, миы тұнық, моралды адам.
Әсте өтірік айтпайды, жалған сөйлемейді. Мейрімді болады.
Мұсылман-қарыздарды болғандарға, науқастарға, қиыншылық шеккендерге, зұлматқа душар болғандарға қол ұшын созады. Жетім-жесірге мейірімділік жасайды. Кедей-кепшіктерге қамқорлық көрсетеді.
Әзірет Пайғамбардың екі теңеуімен бағдарламамызды тамамдайық. Бұлардың біреуі мұсылманды хош иісті иісмай сатқан адамға теңейді. Осы арқылы бірге болғандардың сұлулықтарынан пайдалана алатынын білдірген. Енді біреуінде болса, бал арасына теңеген. Оның әрқашан тамаша жұмыстармен шұғылданғанын меңзеген.


Ұқсас жаңалықтар