Ислам дінін үйренейік-1

«Ислам» сөзі «бейбітшілік, мойынсыну, бағыну» болып табылады.

426190
Ислам дінін үйренейік-1
«Ислам дінін үйренейік» атты бағдарламаны алдымен Алланың атымен бастағым келеді. Бізді жаратқан, бізді Ислам діні арқылы нұрландырған және бізге мұсылман ретінде өмір сүрудің түсінігін берген Аллаға мың шүкір етеміз. Оның сүйген пайғамбарына сансыз құрметімізді ұсынамыз.
Бүгінгі бағдарламамызда Ислам түсінігі жөнінде тоқталамыз. Құран-Кәрімнің Исламды қалай түсіндіргенін және Исламның қандай ерекшеліктерінің бар екенін аңғаруға тырысамыз.
Кімде кім бір мұсылманнан Ислам деген не деп сұрай қалғанда «Дініміздің аты. Соңғы дін. Ең кемелді дін» деп қысқаша жауап береді. Алайда бір мұсылманның бұдан көп мағлұмат беруі керектігін бәріміз білеміз.
«Ислам» сөзі «бейбітшілік, мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам»--толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим, Мұса, Иса т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар--Алланың елшісі Мұхаммед.
Діндер жалпы алғанда бір тайпа немесе құрушысының атымен аталған. Еврейлік және индуизм сол ұлттың атымен, христиандық Әзірет Исаның, буда діні де оның құрушысы болған Буданың атымен аталған. Исламның аты болса Алла тарапынан қойылған. Әзірет Мұхаммед те Исламның құрушысы емес, пайғамбары болып табылады.
Ислам діні ең маңызды жолдама ретінде бейбітшілік пен бағынуды өзінің ұраны ретінде таңдаған. Сондықтан Ислам алдымен өзінің атымен жолдама жасауда.
Ислам Алланың заңдарына мойынсыну, бағыну дегенді білдіреді. Әрқандай бір нәсіл, ұлт және топқа тән болсын немесе болмасын қалағаны бойынша өз дініне сене алады. Алла жаратқан адамның рахат өмір сүруі, бақытты болуы және аман-есен жүруі және осы дүние мен ақыретте тек Алланың бұйрығы бойынша жүзеге асуы мүмкін.
Ислам--Алланың адамдарға жол сілтеудің аты болып табылады. Жаратушы Алла Тағала Құранның құдайшыл адамдар үшін, яғни өмірін Алланың бұйрығы бойынша кешіргісі келгендер үшін жол көрсетуші кітап екенін баяндайды.
Алла тарих бойынша әлемнің әр жеріне және түрлі қауымдарға жөн сілтеу үшін көптеген пайғамбар жіберген. Ислам ғұламаларының көзқарасы бойынша пайғамбарлардың адам баласына әкелген негізгі діннің аты Ислам. Бір аятта «Дінді дұрыс ұста және бөле-жарушылық болмасын деп Нұх пайғамбарға бұйырғанын, саған өсиет еткенін Ибрахимге, Мұсаға және Исаға бұйырғанын сізге де дін қыл» деп бұйырып, барлық пайғамбарлардың әкелген дінінің Ислам болғанын білдірген.
Өзгеше аттармен аталса да Алланың пайғамбарға тапсырған діні Ислам болып табылады және жолдамалары бірдей. Әзірет Адамнан пайғамбарымызға дейін адамдарға берілген басты насихат Алланың күші мен құдіретіне бағыну.
Жаратушы иеміз Алла Тағала ең соңғы елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) арқылы жер бетіне ең соңғы, кәміл дін Исламды жіберді. Бұл ақиқатты Ұлы Алла қасиетті Құранында былай деп баян етеді: «Алланың құзырындағы дін, шүбәсіз, Ислам». Ислам діні тұп-тура Алла құзырынан түскен күйінше, бұзылмай, бүлінбей, сол қалпында бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұдан кейін де осы ерекшелігі сақталады. Ендеше, Ислам--Алланың құзырында қабыл болатын жалғыз дін.
Ислам адамның ағаш бесіктен жер бесікке дейінгі барлық өмірін қамтиды.
Ислам Алла тарапынан тамамдалған кемелді бір жүйе. Ырым-жырым сынды көне әдеттерді әсте қабылдамайды.
Жаратушы иеміз Алла Тағала Ислам дінін кемелді еткен. Сенім, ғибадат, әлеуметтік өмір, экономика, құқық және тағы басқа адаммен байланысты әр салаға тән мәселелерді Құранда түсіндірген.
Құран Кәрімде осы жөнінде «Саған осы кітапта барлық нәрсені түсіндірген және мұсылмандарға жол көрсетуші, рақымдылық және сүйінші ретінде жібердім» деп бұйырады.
Мұсылмандар Құран Кәрімнің Алла тарапынан Мұхаммед пайғамбарға түсірілген ақырғы қасиетті кітап екеніне иман келтіреді. Сондықтан олар Құранды мұқиятты етіп оқу, оны тыңдау, оған сәйкес амал ету адамды Аллаға жақындататын, жүрегін тыныштандыратын ғибадат екеніне сенеді.
Ислам адамның жүрегін, ой-санасын және арманын нұрландырып, адамға осы әлемде және ақыретте жақсылық әкелуді нысаналауда.
Ислам--Алла Тағаланың алдында қабыл болған жалғыз ғана дін. Алла Тағала Ислам дінін жеңіл әрі қолайлы қылды,онда ешбір қиыншылық немесе машақат жоқ. Ислам дінін ұстанушыларға шама жетпейтін, жағдай көтермейтін немесе мүмкіншіліктерден тыс бірде-бір амал, іс-əрекет міндеттелмеген.
Ислам-барлық хабарларымен, үкімдерімен берік жəне мықты болған тура дін.


Ұқсас жаңалықтар