Түркия Иракқа медициналық жәрдем береді

Ибрахим Калын Иран Түрікмен шебінің төрағасы Ершад Салихидің әлеуметтік желіден бөліскен хабарына жауап берді.

1444927
Түркия Иракқа медициналық жәрдем береді

Түркия Иракқа медициналық жәрдем жолдауға дайындалуда. 

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Иран Түрікмен шебінің төрағасы Ершад Салихидің әлеуметтік желіден бөліскен хабарына жауап берді.

Ибрахим Калын:

"Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасы бойынша медициналық жәрдем материалдары дайындалып жатыр және жақында жолға шығарылады. Түркия әрқашан түрікмен және ирактық бауырластарының қасында болады" деді.

Ершад Салихи әлеуметтік желіден Ирактағы қандастарын өз бауырындай көргендерге барлық түрікмен халқы атынан алғыс айтты, Ирактың жаңа типті коронавирус індетімен күресінде Түркиядан келген медициналық жәрдемдердің арқасында вирусты жұқтырғандар саны азайғанын атап көрсетті. 



Ұқсас жаңалықтар