Жаһандық күш: Түрік Мемлекеттері Ұйымы

Біріккен мақсат: Жаһандық деңгейде күш орталығы болу

2112962
Жаһандық күш: Түрік Мемлекеттері Ұйымы

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің арнайы тапсырмалараға жауапты өкілі Халеф Халефов түрік әлемінің бірлігі үшін Түрік Мемлекеттері Ұйымының (ТМҰ) маңызы туралы мақала жазды.

 

***

Әзербайжан Республикасының сыртқы саясат күн тәртібінің маңызды басымдықтарының бірі – ТМҰ-ның және ұйым шеңберінде ынтымақтастықтардың нығайтылуы.  ТМҰ ерекшелігімен,  қайталанбас құрылымымен халықаралық ұйым болып табылады. ТМҰ аймақтық басқа ұйымдарда болғаны секілді,  тек мүше мемлекеттерді бір-біріне байланыстаратын ортақ көзқарас, өзара мүдде немесе интеграциядан ғана тұрмайды. Осы ұйым ортақ тарихымызға, тілімізге, мәдениет пен дәстүрлерімізге негізделген. Сондықтан ТМҰ-на мүше елдер мен халықтар арасында қатынас – бауырластық қатынастар.

Біріккен мақсат: Жаһандық деңгейде күш орталығы болу

Әзербайжан әрқашан түрік әлемінің бірлігіне үлес қосты. Осы бірлікке адам болуды жалғастыруда. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 14 ақпан күнгі ұлықтау рәсімінде айтқаны секілді «Түрік Мемлекеттері Ұйымы біз үшін негізгі халықаралық ұйым, себебі ол – біздің отбасымыз.  Біздің басқа отбасымыз жоқ. Біздің отбасымыз – түрік әлемі». 2009 жылы Нахчыван келісімі негізінде құрылған ТМҰ 14 жылдан астам уақытта саяси, экономикалық, қатынас, энергетика, мәдениет, білім беру,  медицина, цирфлық бетбұрыс, туризм сынды салаларда ынтымақтастық платформаларын қалыптастырды.  Ұйым шаңырағы астында түрік мемлекеттері арасында екі жақты және көп жақты форматта ынтымақтастық жүйелі түрде жалғасын тауып, жыл өткен сайын нығайды.  Алайда әлемдегі қазіргі халықаралық қауіпсіздік мәселелері,  қақтығыстар, саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар мемлекеттердің тұрақтылық пен әл-ауқатын сақтап қалу қажеттілігін туғызды. Осы тұрғыдан бауырлас түрік мемлекеттінің жиі-жиі бас қосып, ұйымшылдықты нығайтуы керек.  Бір күш ретінде қозғалуы өте маңызды. Әр жағы қауіп-қатер және қиыншылықпен қоршауға алынған аймағымызда елдеріміздің қауіпсіздік және тұрақтылығының нығайтылуы,  гео-саяси түрлілігі және бетбұрыс шараларын жүзеге асыруы қажет.

 

Қазіргі геостратегиялық жағдай осы бағытта дамуға қолайлы және түрік мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастардың сапалы жаңа кезеңге өтуі үшін ең ыңғайлы шарттар қалыптасқан. Каспий теңізін, Қаратеңізді және Жерорта теңізін қамтитын географияда күшті болуымен геостратегияның анықтаушы элементі болып табылатын түрік әлемінің жаңа тарихты айқындауда маңызды рөл атқаруы - 21-ғасыр түрік идеологиясының тарихи миссиясы. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев айтқандай, "Біздің саясатымыз  - Түркі Мемлекеттері Ұйымын нығайту. Бұл кең география, кең байтақ жер, мықты әскери күш, үлкен экономика, табиғи ресурстар, көлік жолдары, жас халық, өсіп келе жатқан халық  және бір тектен, бір тамырдан шыққан адамдар. Бұдан күшті одақ бола ма? Әрине жоқ. Түрік Мемлекеттері Ұйымын жаһандық аренада күш орталығына айналдыру үшін ортақ күш салуымыз керек. Бұған біз бірігу арқылы ғана қол жеткізе аламыз». Әзербайжан Президентінің бұл дана және көреген ойлары стратегиялық сипатқа ие және түрік әлемінің тығыз интеграциясы үшін аса маңызды үндеу болып табылады.

 

Түрік мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы

Осы кезеңде түрік мемлекеттері арасында қауіпсіздік және қорғаныс саласында өзара көмек көрсететін механизм құру қарастырылуы мүмкін. Осы бағыттағы күш-жігерімізді біріктіру елдеріміздің егемендігі мен тәуелсіздігін, тұрақтылық пен дамудың нығаюына қызмет етеді, сондай-ақ әлемдегі бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке елеулі үлес қосады. Бұл ретте түрік әлемінің даму мен тұрақтылыққа қызмет ететін бейбіт қоғам екенін айта кеткен жөн. Біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен интеграция, сондай-ақ қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы өзара іс-әрекеттер ешбір мемлекетке немесе мемлекеттер одағына бағытталмаған. Азияны Еуропамен байланыстыратын Орталық дәлізде орналасқан түрік мемлекеттерінің көлік-коммуникациялық инфрақұрылымын тиімді дамыту, кедендік және транзиттік рәсімдерді оңтайландыру және үйлестіру аймақтың сауда-транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Экономика, өнеркәсіп және қаржы салаларындағы ынтымақтастық жобаларының жан-жақты жүзеге асырылуы түрік мемлекеттері арасындағы тауарлар мен қызметтердің айналымын жеңілдетеді, сонымен қатар біздің аймақтың өндірістік және экспорттық қабілетін арттырады.

 

Қоғамымыздың салауатты дамуы үшін денсаулық әлеуетін барынша пайдалану керек. Осы тұрғыда бауырлас түрік мемлекеттері арасында білім, тәжірибе және технология алмасуға және денсаулық сақтаудың алдыңғы қатарлы мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тетіктерді құру бағытында нақты қадамдар жасау маңызды. Түрік мемлекеттері халқының 40 пайызға дерлігін жастар құрайды. Түрік әлемінің зияткерлік әлеуетін нығайту, білім беру саласындағы институционалдық өзара іс-қимыл және алдыңғы қатарлы білім беру тәжірибесін барлық түрік мемлекеттерінің білім беру жүйесіне енгізу біздің басты мақсатымыз болуы керек. Сонымен қатар Түрік әлемі аймағындағы заманауи дәуірдің сын-қатерлеріне қарсы келісілген ортақ ақпараттық кеңістік құру және киберқауіпсіздік саласында тиімді әрекет пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету де маңызды міндеттер болып табылады. Сондай-ақ түрік мәдени мұрасын қорғау және насихаттау, сонымен бірге осы мұраны халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру және тиісті халықаралық ұйымдарда осы мәселеге қатысты ортақ ұстанымда болу өте маңызды. Мемлекет басшыларымыздың саяси ерік-жігері мен атап өткен бағыттар бойынша ТМҰ-н нығайтуға және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттеріміз бен халықтарымыздың бірлескен іс-әрекетінің нәтижесінде бірлігіміздің нығаюы түрік әлемінің әлемнің жетекші күш орталықтарының біріне айналуына жағдай жасайды.

 

[Халеф Халефов – Әзербайжан Президентінің арнайы тапсырмаларға жауапты өкілі.]

 

* Мақалада айтылған пікірлер авторға тиесілі және Aнадолы агенттігінің редакциялық саясатын көрсетпеуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар