Ильхам Әлиевке алғыс айтты

СКТР президенті Ерсін Татар епрезиденті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

2125696
Ильхам Әлиевке алғыс айтты

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) президенті Ерсін Татар Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің Кипр Достық тобын құру туралы шешімі үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты.

СКТР президенті Ерсін Татар епрезиденті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан президенттік аппаратының телефон әңгімесіне байланысты жасаған мәлімдемесінде СКТР Президенті Татар Әзербайжан Ұлттық Мәжілісінің парламентаралық қарым-қатынастарды дамыту үшін СКТР-Әзербайжан достық тобын құру туралы қабылдаған шешімі үшін Әлиевке алғыс айтқаны білдірілді.

Мәлімдемеге қарағанда Әлиев Кипр достық тобының Әзербайжан мен СКТР арасындағы қарым-қатынастардың одан әрі нығаюына үлес қосатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар