Татарстан Türkvizyon-2015 кандидатын анықтайды

Қазылар алқасы 10 күннен кейін үздік екі әншіні қайта тыңдап, Стамбулда өтетін байқауға қатысатын өнерпазды таңдайды.

416608
Татарстан Türkvizyon-2015 кандидатын анықтайды

Татарстан Türkvizyon-2015 кандидатын анықтайды.
Қазылар алқасы 10 күннен кейін үздік екі әншіні қайта тыңдап, Стамбулда өтетін байқауға қатысатын өнерпазды таңдайды.
Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының бас қаласы Қазанда Türkvizyon-2015 ақтық сайысына Татарстан атынан қатысатын кандидаттарды анықтау үшін ұйымдастырылған жарыстың жартылай финалы болып өтті.
Пирамида орталығында болған жартылай финалда 8-14 жас арасындағы 10 бала мен 18 жастан жоғары топқа жататын 10 ересек өнерлерін көрсетті. Қазылар алқасы үздік деп таңдалған «Йемле»группасы мен Илнар Мирановты он күннен кейін қайта тыңдайды.
Балалар арасында болса Ресей көлемінде өткен «Дауыс. Балалар» телеарна ән байқауына да қатысқан Саида Мұхамеджанова жартылай финалдың жеңімпазы деп жарияланды.
Биыл үшінші рет өткізілетін Türkvizyon-2015 ән байқауы 17-19 желтоқсан күндерінде Стамбул қаласында болады.
Татарстан біріншісі 2013 жылы Ескишехир қаласында болған ән байқауында Алине Шерипжановамен төртінші, өткен жылы Қазанда болған екінші байқауда да Айдар Сүлейманмен екінші орын алған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар