Татарстанда Ислам академиясы ашылды

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының ЮНЕСКО-ның тізімінде орын алған тарихи Болгар қаласында Ислам академиясы ашылды.

390431
Татарстанда Ислам академиясы ашылды

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының ЮНЕСКО-ның тізімінде орын алған тарихи Болгар қаласында Ислам академиясы ашылды.
Болгар Ислам академиясының ашылу салтанатына Татарстан президенті Рүстем Минниханов, Түркияның Қазандағы бас консулы Турхан Дилмач, Түркияның Мәскеудегі өкілетті елшілігі дін қызметтері кеңесшісі Др. Дурсун Айгүн, Ресей мұсылмандары орталығы аймақтық діни атқару төрағасы Талғат Таджеддин, Ресей Мүфтилер кеңесі төрағасы Равиль Гайнуддин, Татарстан мүфтиі Камил Самигуллин қатысты.
Ислам академиясының ашылуымен бірге алты айлық Құран курстары да басталды.
Президент Минниханов Болгар қаласының жаңаланғанын және өткен жылы ЮНЕСКО-ның мұра тізіміне енгенін еске салып, «Бұдан былай осы жерлерде Болгар Ислам академиясы тек Татарстан үшін емес, бүкіл Ресей мұсылмандары үшін ғұламалар дайындайды» деді.
Академия құрамындағы Құран курсына Түркиядан екі оқытушы шақыртылды.
Болгар Ислам академиясының ашылуына орай «Ұлттық, аймақтық және өркениеттер негізінде мұсылманның діни пікірі» деген атпен халықаралық конференция өткізілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар