БҰҰ Кипрді минадан тазалайды

Кипрдегі БҰҰ Бейбітшілік күші аралық аймақты минадан тазалайды.

370349
БҰҰ Кипрді минадан тазалайды

Кипрдегі БҰҰ Бейбітшілік күші аралық аймақты минадан тазалайды.


Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Мұстафа Акынджы мен Кипр понти басшысы Никос Анастасиадис жариялаған «сенім арттыратын шаралар» арасында орын алған минадан тазалай жұмыстары аясында 28 аймақтың 25-і тазаланды.


Кипрдегі БҰҰ Бейбітшілік күші қолбасшысы генерал-майор Кристин Лунд Алайкөйдің оңтүстігіндегі Маммариде 28 мың шаршы метрлік алаңның 17 мың шаршы метрінің тазаланғанын айтты. Лунд Алайкөйдегі қалған жермен қоса 4 мина алаңының тазалануы керектігін білдірді.


Минадан тазаланған жерлерді егістік үшін қолдануға болады. Ал әлі тазаланбаған жерлер болса жабық немесе әскери аймақта болғандықтан азаматтар үшін қауіпті емес.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар