Су спорттары чемпионаты аяқталды

16 күндік чемпионат Қазанда өтті.

321060
Су спорттары чемпионаты аяқталды

Ресей Федерациясына қарасты Татарстанның бас қаласы Қазанда өткен Әлемдік су спорттарының 16-шы чемпионаты аяқталды.


Халықаралық Жүзу федерациясы ұйымдастырған чемпионаттың жабылу рәсімі 12 мың адамдық Татнефт-Арена стадионында болды.


Рәсімге Татарстан президенті Рүстем Минниханов, Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, FINA президенті Джулил Маглионе қатысты.


16 күндік чемпионатта 190 елдің 2 мың 923 спортшысы жүзу, секіру, синхронды жүзі, су тобы, ашық суда жүзу және биіктіктен секіру сынды 6 аталымда сайысты.


Чемпионат нәтижесінде Қытай 15 алтын, 10 күміс және 10 қола, барлығы 35 медальмен бірінші орынды иеленді. АҚШ 13 алтын, 14 күміс және 6 қола, барлығы 33 медальмен екінді орын алды. Ресей Федерациясы болса 9 алтын, 4 күміс және 4 қола, барлығы 17 медальді қоржынына салып, үшінші кезекті алды.


Әлемдік су спорттарынан келесі чемпионат Венгрияның бас қаласы Будапештте болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар