СКТР-да үкімет отставкаға кетті

Жаңа үкімет қалыптасқанға дейін Йорганджыоғлу міндетін атқарады.

330787
СКТР-да үкімет отставкаға кетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында үкімет отставкаға кетті.


СКТР премьер-министрі Өзкан Йорганджыоғлу Республикашыл түрік партиясы-Демократ партия коалиция үкіметінің отставкасын президент Мұстафа Акынджыға ұсынды.


2013 жылдың тамыз айынан бері премьер-министрлік қызметін атқарып келген Йорганджыоғлу партиясындағы төраға өзгерісін еске салып, жаңа үкімет ізденістеріне мүмкіндік беру мақсатымен отставкаға кеткенін айтты.


Президент Акынджы болса жақында партия басшыларымен жеке-жеке кездесетінін, мәжілісте көпшілікті қамдай алатын бір депутатқа осы міндетті беретінін айтты.


Акынджы премьер-министр Йорганджыоғлунан жаңа үкімет қалыптасқанға дейін міндетін атқаруын сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар