Ұйғырлар Түркияға келді

Қытайдан қашып, Тайландта ұсталған ұйғырлар Түркияға аяқ басты.

327615
Ұйғырлар Түркияға келді

Түркия Қытайдағы зұлымдықтан қашқан ұйғырларға көмектесті.


Қытайдан қашып шыққаннан кейін 2014 жылдың наурыз айында Тайланд шекарасында ұсталған әйелдер мен балалардан тұратын 173 ұйғыр азаматы Түркияға келді.


Олар алдымен Стамбулға, артынан Кайсери қаласына жеткізілді.


Ұйғырлар Кайсери қаласындағы орталыққа орналастырылды.

 

Осылайша осы қалада Қытай зұлымынан қашқан ұйғыр саны мыңға жетті.


Бүкіләлемдік Ұйғыр конгресінің төраға орынбасары және «Шығыс Түркістан» қоғамының төрағасы Сейіт Түмтүрік «Бауырлар мұрындары қанамастан бүгін Түркия топырағына аяқ басты. Осы тақырыпта көмектескен түрік үкіметіне алғыс айтамыз» деді.


Кайсери қаласына жеткізілген ұйғырлардың суреттерін түсіруге сақтық себептерімен рұқсат берілмейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар