Татарстанда жаңа қала құрылды

Татарстанда жоғары технология өнімдері өндірілетін Иннаполис атты жаңа қала салынды.

299938
Татарстанда жаңа қала құрылды

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан Республикасының елордасы Қазанға 40 км қашықтықтағы қала өзіне тән экожүйе және инфрақұрылыммен салынды. Заманауи технология қаласында ғылыми зерттеу орталықтары мен дизайн компанияларының кеңселері қызмет атқаратын болады.
Осындай қала салудағы мақсат – Ресейде компьютерлік технология секторының маңызын арттыру, осы салада зерттеу жүргізетін ғалымдарды ынталандыру.
Татарстанда Иннаполис қаласын салу пікірі алғаш рет 2010 жылы ортаға шықты. Алдымен аймақта компьютерлік технология ауылын салу және осы ауылға 50 мың адам қоныстандыру жоспарланған еді. Артынан жоба өзгертіліп, ауыл жобасы қала деңгейіне шықты. Қалада 155 мың тұрғын өмір сүретін болды.
Иннаполистің құрылысы 2012 жылдың желтоқсан айында Сингапурдың бас инженері Лиу Тай Кердің жобасымен басталды. 2013 жылы болса Иннаполис Университеті алғашқы студенттеріне білім бере бастады.
Иннаполист Университетінің құрамында арнайы экономикалық аймақ, технопарктар, көп қабатты тұрғын үйлер мен спорт орталықтары бар.
Қаланың іргетасын үш жыл бұрын Ресей премьер-министр Дмитрий Медведев, Татарстан президенті Рүстем Минниханов және Ресей Коммуникация министрі Николай Никифоров қалаған еді. Енді осы үш тұлға қаланы ашты.
21-ғасырда Ресейде салынған бірінші қала деген атаққа ие болған Иннаполисте 2030 жылы 944 компания жұмыс істеп, Татарстанға жаңа инвестициялар тартуы жоспарланып отыр.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар