«Бүгін Түркия түркі әлемінің орталығы болды»

Татарстан президенті Минниханов Измир қалалық акиматында болды.

283455
«Бүгін Түркия түркі әлемінің орталығы болды»

Ресей Федерациясына қарасты Татарстан автономдық республикасының президенті Рустам Минниханов «Бүгін Түркия түркі әлемінің орталығы болды» деді.


Татарстан президенті Минниханов Измир қалалық акиматында болды. Минниханов Татарстан мен Түркия арасындағы қатынастың нығаюы үшін жұмыстанғандарын айтты.


«Бүгін Түркия түркі әлемінің орталығы болды» деген Рустам Минниханов былай деді: «Түркітілдес осы ұлттар, республикалар бірлік болуы керек. Осы бірлік мәдениетімізді сақтап қалада. Біз үшін Измир Түркияның өте маңызды, ең мықты, әлеуеті жоғары қаласы. Сіздің нысана мен мақсаттарыңыз біздің нысана мен мақсаттарымызбен астасып жатады. Измирде мүмкіндіктер көп. Сондықтан Измирмен ынтымақтасып жұмыс істеуге дайынбыз»


Измир қаласы әкімі Мұстафа Топрак та Татарстанмен байланыстардың жаңа өріс алғанына қуанғанын тілге тиек етіп, Татарстан президентіне Измирдегі инвестиция мүмкіндіктері және туризм жөнінде мәлімет берді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар