Қырымда қаралы митинг өткізуге рұқсат берілмеді

Симферополь әкімі татарлардың өтінішін қабылдамады.

280834
Қырымда қаралы митинг өткізуге рұқсат берілмеді

Қырымда қаралы митинг өткізуге рұқсат берілмеді.


Орыс билігі Қырым татарларының қуғын-сүргінін еске алу үшін Симферополь қаласында қаралы митинг өткізуге рұқсат бермеді.


Қырым Автономдық Республикасы өткен жылы бір жақты түрде Украинадан тәуелсіздігін жариялап, артынан Ресейге қосылған еді. Аннексиядан кейін билікке келген орыс әкімшілігі Қырым татар ұлттық мәжілісінің митинг ұйымдастыру үшін берген өтінішін кері қайтарды.


Симферополь әкімі Геннадий Бахарев қала орталығындағы Ленин алаңында ресми мерекелер тысында ірі жиындардың өткізілуіне тыйым салынғанын, митинг үшін қалада басқа орын берілмегенін сылтау қылып, татарлардың өтінішін қабылдамады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар