Түркия экономика министрі Татарстанда

Нихат Зейбекчи президент Рүстем Миннихановпен бірге Түркия-Татарстан Бизнес форумына қатысты.

284976
Түркия экономика министрі Татарстанда

Экономика министрі Нихат Зейбекчи Татарстанда президент Рүстем Миннихановпен бірге Түркия-Татарстан Бизнес форумына қатысты.

Форумда түрік іскерлерге үн қатқан Зейбекчи «білім беруден туризмге, технологиядан машина-химияға дейін барлық салада Татарстанда инвестиция салуыңызға болады» деді.


Татарстан президенті Рүстем Минниханов та Түркияның Татарстанның стратегиялық серігі екенін айтып: «Дағдарыстан қорықпаңдар. Әрине, қиыншылықтары болады. Алайда біз барлық жобаларды жүзеге асырамыз» деді.


Түрік іскерлерінің Татарстандағы инвестицияларын орнында тексерген Зейбекчи мен Минниханов 150 миллион доллармен жүзеге асырылған химия зауытының беташарына қатысты.
Зейбекчи артынан түрік компанияларына барды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар