Орыс полициялары татар телеарнасын тінтті

Орыс қауіпсіздік күштері Қырым татар телеарнасы ATR-ні тінтті.

197888
Орыс полициялары татар телеарнасын тінтті

Орыс полициялары татар телеарнасын тінтті.


Орыс қауіпсіздік күштері Қырым татар телеарнасы ATR-ні тінтті.


ATR телеарнасының бас директоры Элзара Исламова телеарнаның өткен жылы 26 ақпан күні болған митинг барысында екі адамның өліміне байланысты ашылған соттық іс аясында тінтілгенін айтты.


Арнаның тергеу комитетіне бермеген бір көріністі қолында ұстап тұрғаны алға тартылды. Исламова алайда өздерінің қажетті деректерді бергендерін айтты.


Полиция араға килігіп Исламованың журналистерге мағлұмат беруіне кедергі болды.


Қырым татарлары 2014 жылдың 26 ақпан күні Ресейге қосылуды протест ету мақсатымен Ақмешіттегі парламент алдында митинг өткізген болатын. Ресей жақтастары да сол жерде митинг жасап, Ресейге қосылу жөніндегі референдумға қолдау берген еді.


Митингте екі адам қаза болған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар