Қырымда ғылыми конференция

Конференцияға тарих, археология, этнография саласынан 60 маман қатысты.

141871
Қырымда ғылыми конференция

Қырым ханы Мәңлі Керей еске алынды.


Қырымда өткен «Қырымның тарихи және мәдени мұрасының сақталуы және зерттелуінің актуалды мәселелері» атты алғашқы ғылыми конференцияға 60 маман қатысты.


Конференцияны Ресей Федерациясына қарасты Татарстан автономдық республикасы Ғылым академиясы Тарих институтына қарасты Қырым Ғылым орталығы мен «La Richesse» Қырым тарих мұражайы бірігіп ұйымдастырды.


Конференцияға Қырым, Ресей және Украинадан келген тарих, археология, этнология, өнер білімі, социология, мәдениет білімі, философия және әдебиет саласынан 60 маман қатысты.
Жиналыстан бұрын қатысушылар Қырымның атақты зиялысы, ағартушы Исмаил Гаспыралы мен Қажы Керейдің қабіріне барды.


Конференцияға қатысушылар қайтыс болғанына 500 жыл толуына орай 2015 жылдың Мәңлі Керейді еске алу жылы ретінде жариялануын сұрады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар