Қытай ұйғырлардың өкіліне кедергі жасады

Азшылық ұлттар форумында ұйғыр мәселесі сөз болды.

206511
Қытай ұйғырлардың өкіліне кедергі жасады

Қытай ұйғырлардың өкіліне кедергі жасады.


Қытай БҰҰ Адам құқықтары кеңесі Азшылық ұлттар форумының жетінші отырысы барысында Бүкіләлемдік ұйғыр құрылтайының төраға орынбасары Сейіт Түмтүріктің баяндама жасауына кедергі болуға тырысты.


БҰҰ Женева кеңсесінде өткен отырыс барысында Қытай делегациясы Түмтүріктің сөйлемеуі жөнінде ұсыныс берді. Отырыстың төрағасы Проф. Пэтрик Торнберри барлық қатысушылардың көзқарастарына құрмет көрсетілуі керектігін ескертіп, Түмтүріктің сөз сөйлеуіне рұқсат берді.


Ұйғырлардың өкілі Сейіт Түмтүрік баяндамасында Қытай үкіметінің халықаралық адам құқықтары нормаларына бағынбағанын атап көрсетіп, елде заңсыз тұтқындаулардың жалғасып жатқанын білдірді.


Түмтүрік Қытай үкіметінің ұйғыр аймағындағы қауіпсіздік проблемасына шешім табуы керектігін атап көрсетті.


Азшылық ұлттар форумы ертең аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар