Түрік тіліндегі жаңалықтарға қауіп

Болгарияда жаңа заң жобасы талқыланады.

193382
Түрік тіліндегі жаңалықтарға қауіп

Болгарияда түрік тіліндегі жаңалықтардың алынып тасталуы тағы күн тәртібіне келді.


Мәжіліске Ұлттық телеарнада күн сайын 10 минут жарияланатын түрік тіліндегі жаңалықтарды тоқтату үшін тағы бір мәрте заң жобасы ұсынылды.


Наразылықтарға қарамастан таласты жобаның осы апта талқылануы жоспарлануда.


Аталмыш жоба қабылданған жағдайда, ұлттық теледидардың бірінші арнасынан шығарылатын жаңалықтар жергілікті екінші арнаға көшіріледі.


Мүшелерінің көбін түріктер қалыптастырған, оппозициядағы Хақ пен еркіндіктер қозғалысы жобаға наразы. Қозғалыстың басшысы Лүтфи Местан ұлттық деңгейдегі мемлекеттік теледидардан түрік тіліндегі жаңалықтардың алынып тасталуының Болгария картасында этникалық шек қалыптастыратынын айтты. Түрік тіліндегі жаңалықтардың символикалық құны бар екенін атап көрсеткен Местан «Осы ауыр күнәнің нәтижесі де ауыр болуы мүмкін» деді.


Болгария осы жобаны бұдан бұрын да референдумға салғысы келген болатын, алайда Еуропа Одағы мен Түркияның наразылығына орай бас тартқан еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар