ТРТ ӘУЕЗ - түркі әлемінің ең табысты телеарнасы

ТРТ Әуез арнасы Исмаил Гаспыралы атындағы Журналистика және адам құқықтары сыйлығына лайықты деп табылды.

172488
ТРТ ӘУЕЗ - түркі әлемінің ең табысты телеарнасы

ТРТ Әуез бағдарламалары халықаралық салада жаңғырды.


Түркітілдес мемлекеттер халықаралық журналистер қоғамы ТРТ Әуез арнасын түркі әлеміндегі ең табысты телеарна ретінде сыйлыққа лайықты деп тапты.


Түркітілдес мемлекеттер халықаралық журналистер қоғамының басшысы Гүнгөр Явузаслан "Халықаралық қазылар алқасы ТРТ Әуез арнасын үздік арна деп атады. ТРТ сынды таңдаулы мекеменің халықаралық қазылар алқасы тарапынан бағаландыруға алынып, сыйлыққа лайықты деп табылуы бізге, Анадолы журналистеріне қуаныш сыйлады. ТРТ Әуез арнасының ұжымын құттықтаймыз." деді.


Марапат рәсімі бірінші қараша күні Бартын қаласында өткізіледі.


Рәсімге Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Дервиш Ероғлу да қатысады. Рәсімде журналистика және адам құқықтары саласындағы еңбектерімен танылған мекеме мен тұлғалар марапатталады.


ТРТ Әуез арнасының координаторы Юксел Дегержан да "Түркі әлемінің даусы болуды жалғастырамыз" деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар