Мажарстанда СКТР-ның өкілдігі ашылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Мажарстан өкілдігі астана Будапештте ресми түрде ашылды.

160502
 Мажарстанда СКТР-ның  өкілдігі ашылды

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Мажарстан өкілдігі астана Будапештте ресми түрде ашылды.


Салтанатты ашылуға Түркияның Будапешттегі өкілетті және төтенше елшісі Шакир Факылы, СКТР Сыртқы істер министрі және вице-премьер Нами Өздил, Әзірбайжанның Будапешттегі өкілетті елшісі Др. Вилаят Гулиев, Будапешт Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының басшысы Якуп Гүл қатысты.


Нами Өздил кипрлық түріктердің көптеген жылдан бері адамдыққа жатпайтын эмбарголар, шектеулер астында өмір сүрген қоғам екенін, сондықтан әлемге бағытталған осы бастамалардың өздері үшін өте маңызды және құнды екенін айтты.


Шакир Факылы да СКТР өкілдігінің Будапештте ашылуына қуанғандарын, осы қадамның басылуында Мажарстан үкіметінің қолдауы мен үлесіне алғыс айтатындарын білдірді.


Ариф Алтай болса СКТР ретінде ең қуанышты күндердің бірін тойлап отырғандарын атап өтті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар