Түрік тіліне жаза

Болгарияда жаза берілді.

159103
Түрік тіліне жаза

Болгарияда түрік тілінде жүргізілген үгіт-насихатқа жаза берілді. 


Болгарияда 5 қазан күні өткен парламент сайлауы акциясында болгар тілінен басқа тіл қолдануға тыйым салынғандықтан мүшелерінің көбі түріктерден тұратын Хақ пен еркіндіктер қозғалысы партиясына 4 жаза берілді.


Орталық сайлау комитетінің шешіміне орай Хақ пен еркіндіктер қозғалысы партиясының басшысы Лүтфи Местанға үш, партияның Бургаз депутаты Хүсейн Хафызовқа бір ақшалай жаза берілді. Жаза мөлшері кейіннен анықталады. Жалпы Болгарияда ақшалай жаза 100 және мың евро арасында өзгереді.


Партия басшысы Лүтфи Местан сайлау акциясы барысында тілге тыйымның Еуропа Одағы заңдарына қайшы екенін айтқан болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар