Қырым татарлары мәселесі Түркияда қаралды

Жиналысқа түрлі қалалар мен Қырымнан келген өкілдер, қоғамдық пікір жетекшілері қатысты.

155493
Қырым татарлары мәселесі Түркияда қаралды

Қысым мен зұлымдық көрді.


Көптеген уақыттан бері қайғылары азаймады.


Украина және Қырымда болған оқиғалар Қырым татарларына қатты әсер етті.


Қырым татарларының проблемалары Түркияның Ескишехир қаласында өткен «Қырым үшін ортақ ынта» жиналысында қолға алынды.


Жиналысқа түрлі қалалар мен Қырымнан келген өкілдер, қоғамдық пікір жетекшілері қатысты.


Қырым Татар ұлттық мәжілісі басшысы Рефат Чубаров Қырымның Ресей Федерациясы тарапынан аннексиясына алаңдағандарын тілге тиек етті.


Чубаров «Татарлардың үйлеріне басқын жасауда, жастарды алып қашыруда. Қырым татар мәжілісінің жұмыстарына кедергі жасауда» деді.


Татар ұлттық мәжілісі басшысы Қырым татарларының болашағында Түркияның да маңызды рол алуы керектігін айтты.


Жиналыс Қырым татарларының проблемалары атап айтылған декларацияның жариялануымен аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар